22 жастағы қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайдағы Singer 2017 әншілер байқауына қатысып, музыкалық телеарнадан көрінген бетте сенсация жұлдызға айналды.
Қытайдағы Шыңжаң өңірінің қазағы Дәстүр Тұрсынжан Алматыда өтіп жатқан қысқы универсиаданың коньки жарысына қатысты. Ол биыл Қытай чемпионатында үздік үштікке енген.
Қырғызстан президентінің Пекинге сапарында Орталық Азия арқылы Қытай мен Иранды жалғайтын жаңа теміржол желісін салу жайы назар аудартты. Көптен жауапсыз жатқан бұл мәселеде осы жолы Өзбекстан да жиі атала бастады.
2013-2014 жылдары Пекинде өткен байқауларда ақтық сынға дейін жетіп, үздік бестікке енген қазақ әнші Арай Айдархан Азаттыққа танымалдықтан соңғы өмірі туралы айтып берді.
Балаларын емдеген Пекиндегі ауруханаға наразы болған қазақстандықтар ақшаларының біразын қайтарып алды. Олар шетелдік клиниканы таңдағанда сақ болу керек екенін айтады.
Қытай соты "есірткі тасымақ болды" деген айыппен өмірлік түрме жазасына кесілген 22 жастағы қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қарап жатыр.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін Ташкентте ұзаққа созылатын тақ күресі басталатын тәрізді. Кімнің билікке келетіні әзірге белгісіз. Өзбекстан билігіндегі осы белгісіз жағдай Қытайды алаңдатады.
Cал ауруына шалдыққан балалардың ата-аналары «алданып қалғандарын» айтады. 13 азамат балаларын емдету үшін Қытайға апарып, ондағы клиникаға 197 мың доллар төлеген, бірақ «емнен нәтиже жоқ». Сыртқы істер министрлігі оларға көмектесуге әзір екендерін білдірді.
Мәскеу облысындағы көне усадьбада неліктен Қытай компартиясы мұражайы ашылды, ал жергілікті тұрғындардың бұл жайлы пікірі қандай?
Ташкентте ШЫҰ елдері басшыларының саммиті басталды. Сарапшының пікірінше, биыл маусымның 23-24-і аралығында өтіп жатқан бұл жиынның бірнеше ерекшелігі бар.
Өткен аптада Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр өлкесіндегі қазақтар мекен ететін Алтай мен Іле-Қазақ аймақтарында толассыз жаңбырдан өзен тасып, бірнеше ауданда адам өліп, мал шығын болған.
Астанадағы жиында Қара теңізден Каспийге дейін тартылады делінген «Еуразия» су арнасын енді Сары теңізге дейін созайық деген ұсыныс айтылды. Бірақ оны қанша уақытта қанша қаржыға салуға болары белгісіз.
Тағы