Көп адам саясаттан мезі болған кезде назарын спортқа аударады. Бірақ 2014 жылы Олимпиададан «Формула-1» жарысына дейін қымбат стадиондар мен сүйкімсіз саяси режимдер арасында байланыс бар екенін байқатты.
Ресей миллиардері Әлішер Усманов америкалық ғалымның Нобель сыйлығы медалін бірнеше миллион долларға сатып алып, артынша оны қайратып берді. Усмановтың біз білмейтін қырлары көп.
Ресей министрінің «Мәскеуге қарсы Батыс санкцияларына Кеден Одағы шегінде жауап беруге мүмкіндік бар» деген сөзі Қазақстанда түрлі пікір тудырды.
Танымал опера әншісі Анна Нетребко Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдаймын деп дауға қалды. Әлеуметтік желідегі жұртты оның сепаратистер лидерімен түскен суреті ашуландырды.
Ондаған мың қырғыз күнкөріс қамы үшін фамилияларын өзгертіп, соңына бұрынғыша «-овты» жалғай бастаған. Айтуларынша, бұл олардың Ресейге барып жұмыс істеуін жеңілдетеді.
Беларусь Ресеймен шекарасына кедендік бақылауды қайта орнатты. Сарапшылар бұл шараның Қазақстанға қандай әсері боларын талдады.
Мұнай бағасы барреліне 66 доллардан төмендесе, Қазақстан жыл сайын 20 миллиард доллардай табыстан қағылады. Бірақ "Баға 50 доллар болса да, экономика өсімі тоқтамайды" дейтіндер де бар.
Батыс елдері азаматтары өз үкіметінің Ресейге қарсы саясаты үшін Владимир Путиннен интернет арқылы кешірім сұрай алады. Ғаламторда осындай бір жұмбақ петиция пайда болды.
Сириядан оралған 22 жастағы Шешенстан азаматы Саид Мажаев ісінің бұлыңғыр тұсы көп. Туыстары оның екі жылға сотталғанына наразы, ал полиция өкілдері «тым жеңіл үкім кесілді» дейді.
Ресей президенті Қырымды аннексиялауды ақтап, Украинаның ісіне кірісуді «отандастарды қорғау қажеттілігі» деп түсіндірді. Путиннің сөзінше, «Ресей ксенофобияға ұрынса, әлсіздік болар еді».
Томскідегі ТВ-2 тәуелсіз телеарнасы 2015 жылдың қаңтарынан бастап хабар таратуын тоқтатуы мүмкін.
Мұнай бағасының арзандауы мен Ресей рублінің күрт құлдырауы Қазақстанда пессимистік көңіл-күй тудырды. Экономистердің бірі қатер бар десе, екіншісі алаңдауға әзірше негіз жоғын айтады.
Тағы