Молдованың биліктегі батысшыл коалициясы жақтастары парламенттен үкімет құруға жетерліктей орын алды. Бірақ жаңа сайланған парламентте Ресеймен жақындасуды қолдайтындар да аз емес.
Мұнай бағасының арзандауынан және Батыс санкциялары кесірінен Ресей рублі құнсызданып барады. Бұл жайт ресейліктерді үрейлендіріп отыр. Бірақ рубль бұған дейін мұндай валюта дағдарысының талайын басынан өткерген.
Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ресей өкілінің болашақ ЕАЭО территориясында доллар мен еуроны қолданудан бас тарту бастамасына қарсылығын жариялады.
Жеті күн бойы Ресей телевизиясының хабарларын үзбей көрген америкалық сарапшы мидың екі жақ бөлігінің арасындағы қайшылықты байқағанын айтады.
Қырым татарлары осы жылдың көктемінде наразылық шарасына шыққан төртінші адамды тұтқындаған жаңа биліктің рақымсыздығына наразы. Қырым татарлары жетекшілері Ресей аннексиясына қарсы болған еді.
Ресей депутаты Украинаның шығысындағы Донбасс аймағында соғысып жатқан ресейлік еріктілерге «соғыс қимылдарына қатысушылар» деген мәртебе беруді ұсынды.
Журналистер бастамасымен советтік қуғын-сүргін құрбандары тұрған үйлерге ескерткіш тақта орнатылмақ. Жоба «Соңғы мекенжай» деп аталады.
Путиннің бұрынғы серігі, қазір бой тасалап жүрген Сергей Колесников Кремльдегі коррупция, Украинадағы соғыс және Путиннің ядролық қаруды қолданудан тайынбайтыны жөнінде айтты.
Азаттық ресейлік БАҚ-тың Қазақстандағы ықпалы туралы блиц-сауалнама жүргізді. Мұндай сауалнаманы редакция былтыр да жүргізген. Осы мерзім ішінде Қырым аннексияланды.
Ресейдің Солтүстік Кавказдағы республикасы Қабарда-Балқарда қарашаның 24-і күні «Сириядағы содырларға қосылып, соғысқа қатысты» деп айыпталған 22 жастағы жігіттің соты басталды.
«Донецк халық республикасы» содырларының тұтқынында болған тұрғын қамауда көргендерін Азаттық тілшісіне айтты.
Қырымда мешіттер өртеніп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл - Қырым татарларын арандату әрекеті. Ал Қырым татарлары ондай арандатуға ермейтіндерін мәлімдеді.
Тағы