«Қазақстаннан байырғы орыс жерлерін қайтарып алу» туралы Ресей депутаты Павел Шперовтің сөзіне қатысты Қазақстан сыртқы істер министрлігі «позициясын білдірді» деген хабар тарады. Ал қазақстандық сарапшы «Шперовтің пікірі Ресейдің ресми позициясы емес» дейді.
Киев елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистермен бітімге келмеді, Ресей мен Украинаның қарым-қатынасы жақсарған жоқ. Ал кинотеатрлар Сталин ұйымдастырған ашаршылық – Голодомор туралы жаңа киноны көрсетуге дайындалып жатыр.
«Роскосмос» агенттігі «Протон-М» зымыран тасығыштарының екінші және үшінші буын қозғалтқыштарын тексеретінін жариялады. Бірақ олар Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырыла бермек. «Қазғарыш» агенттігі 2013 жылы зымыран ұша бере жарылған кезде келген зиянның сомасы әлі келісілген жоқ деп хабарлайды.
Ростов облысы шахтерлері бір жарым жылдың жалақысын ала алмай жүр. Түрлі есеп бойынша, Kingcoal кәсіпорнының жалпы қарызы 320-350 миллион рубльге жетті. Көптеген отбасылар қарт әке-шешесінің зейнетақысы мен әлеуметтік төлемдер арқасында ғана күн көріп отыр.
Леонардо Ди Каприо сияқты атақты адамдар Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру проблемасын талқылауға түрткі болды. «Каспий» немесе «Тұран жолбарысы» деп аталатын түз тағылары мұнда 20-ғасырдың бірінші жартысына дейін мекендеген.
Чехиядағы курорт қала – Карловы Вары «орыстар анклавы» аталып кеткен. Ресейдің түрлі шенеуніктері осы қаладан үй алып қойған. Мұндағы жылжымайтын мүлік иелерін зерттегендер Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарын да атайды.
Ресейдегі еврей бірлестігінің жетекшілері мемлекеттік думаның вице-спикері Петр Толстойды "антисемиттік мәлімдеме жасады" деп айыптады.
«Ислам мемлекеті» террорлық ұйымымен кемінде төрт коалиция соғысып жатыр. Бұл коалициялардың үшеуі үлкен жетістіктерге жетсе, тек біреуі ғана жеңіліске ұшыраған. Мұның өзі аймақтық және геосаяси ахуалдың жағдайынан хабар береді.
АҚШ-тың сайлау жүйесіне жасалған хакерлік шабуылға қатысты дау өршіп тұрғанда ЕО Ресей жақтан болатын кибершабуылдарға дайындықтың қамын жасай бастады.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметінен үміткер Рекс Тиллерсонның сенаттағы сөзінен Ресей саясаткерлері мен сарапшылары түрлі ой түйді. Біреулері оптимистік танытса, екіншілері секем алғандарын жасырмады.
Мақала Ресейдегі үш белсендінің қарапайым азаматтан қалай күрескерге айналғанын баяндайды. Ол елдегі мемлекеттік биліктің жай азаматтарға жасайтын қысым түрлерін де білуге болады.
Ресей президенті Владимир Путин өзін патша бейнесінде дәріптеуге кетәрі емес. Бірақ, жүз жыл бұрын өлсе де, Путиннің өткен заманның құдіретті әміршілеріне ұқсауына кедергі келтіретін адам бар.
Тағы