Тәжікстанға ұша алмай қалған ресейлік әуе компаниясы сотқа жүгінбек. Екі ел арасында ұшу құқығынан айырылған тағы бірнеше компания бар.
Ресейлік қарт суретші «Совет Одағы құлағалы ширек ғасыр өтсе де, билік сталиндік қуғын құрбандарын еске алуыма рұқсат бермейді» дейді.
ЕАЭО елдері басшылары бұл одақтың кеден кодексі туралы келісімді мақұлдады. Бұл кодексті «еркін тауар айналымы кепілі» деушілер де де, оған күмәнданушылар да бар.
Сочиден Сирияға ұшып шыққан ресейлік Ту-154 ұшағы Қара теңізге құлап, ұшақтағы 92 адам түгел қаза болды. Ресейде желтоқсанның 26-сы ұлттық аза тұту күні болып жарияланады.
Советтік диссидент және адам құқығын қорғаушы Андрей Сахаров Совет Одағының құлауына екі жыл қалғанда – 1989 жылы желтоқсанның 14-і күні 68 жасында өмірден өтті. Ол сол бір кезеңде тірі болғанда оқиғалар басқаша өрбір ме еді.
Қастандық жасалған көрмеге барған Қырғызстанның Түркиядағы елшісі Азаттыққа оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.
Өзбектің шапаны мен тақиясын киіп, қолына бір қазан палау ұстаған Сергей Светлаков жарнама суретінде жұртқа күлімсірей қарайды. Оның иығынан басын салбыратып есек тұр.
АҚШ президенті Дональд Трамп ExxonMobil компаниясы басшысы Рекс Тиллерсонды мемлекеттік хатшы қызметіне ұсыну арқылы сайлау науқаны кезінде берген уәдесін орындап, Ресеймен достасу ниетін көрсетті.
Ресейдегі әлеуметтік консерваторлар "беби-бокстарға" (баласынан бас тартқан аналарға жасырын түрде сәбилерін қалдыруға құқық беретін жәшік) тыйым салу керек дейді.
АҚШ-тан саяси баспана сұраған Ресей азаматтары төрт жылдан бері үздіксіз көбейіп келеді. Биыл соңғы 20 жылдағы ең үлкен көрсеткіш тіркелген. Ал Владимир Путиннің үшінші президенттік мерзімі басталғалы АҚШ-ты паналағысы келетіндер саны екі есе өскен.
Мүгедек адамның рөліне еніп, банктен қарапайым кеңес алуға келген Ресейдегі «Сбербанк» төрағасы интернетте күлкіге қалды. Жұрт оны «шынайы өмірден алшақ адам» деп сипаттап сынап жатты.
Батыс Еуропа елдері Шавкат Мирзияевтен енді реформалар күтетіндерін, сайлауды "әділетсіз өтті" деп санайтындарын білдіріп үлгерді. Ал постсоветтік елдердің басшылары Өзбекстанның жаңа президентін жаппай құттықтап жатыр.
Тағы