Мәскеуде орыс оппозиционері, жемқорлықпен күрескер, Ресейдің солтүстік қиыр шетіндегі түрмеде қаза тапқан Алексей Навальныйды жерлеу рәсіміне адам көп жиналды. Билік Навальныйдың отбасына марқұмның сүйегін бермей бір аптадан астам уақыт зарықтырды, саясаткермен жұрттың қоштасуына бөгет қойды.
Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу ведомство жиынында Орталық Азиядағы үкіметтік емес ұйымдар Ресейге қарсы қызметін күшейткенін, алдын-алу шаралары жүретінін айтты.
Юлия Навальная түрмеде көз жұмған күйеуі, оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың ісін жалғастыратынын мәлімдеді. Ол бұған дейін көбіне екі баласының тәрбиесіне көңіл бөліп, күйеуінің басты қолдаушысы болып келген еді.
Ресейде қудалауға ұшыраған тәуелсіз ақпарат құралдары шетелде күш жинап, Кремль пропагандасына қарсы салмақты күшке айналып үлгерді.
17 қаңтарда Башқұртстанда мыңдаған халық жиылып, жергілікті билікке наразылық білдірді. Жиын соңы полициямен қақтығысқа ұласып, ондаған адам ұсталды. Бұл оқиғаға не себеп болып еді?
Иосиф Сталин осыдан 70 жыл бұрын қайтыс болды, алайда бүкіл Ресейде оның ықпалы әлі күнге сезілетіндей: «Біз әлі Сталин салып кеткен жолмен жүріп келеміз, қоғамда халықты қорқытып басқару, бөліну, бойсұну сияқты әлеуметтік кеселдер басым».
Тағы