Желтоқсанның 27-сі – Мұстафа Шоқайдың дүниеден өткен күні. Оның мұрасын зерттеп жүрген ғалым Азаттыққа берген сұхбатында саясаткердің Еуропадағы өмірі туралы айтты.
Ресейдің Астрахань облысында тұратын этникалық қазақ Ғұспан Махамбет-Әлиев ондағы қандастарының мәдени тұрмысы туралы, ана тілдерінің жайы жөнінде әңгімеледі.
2013-2014 жылдары Пекинде өткен байқауларда ақтық сынға дейін жетіп, үздік бестікке енген қазақ әнші Арай Айдархан Азаттыққа танымалдықтан соңғы өмірі туралы айтып берді.
20-ғасыр басындағы Алаш қозғалысын зерттеген еуропалық қазақ «Алашорда қайраткерлері өлеңді саяси құрал ете білді» дейді.
Иранда тұратын жиырма шақты қазақ көп сериялы фильмге түсіп жатыр. «Кино өнерінен арнайы біліміміз болмаса да, өзіміздің кім екенімізді танытып жүрміз» дейді олар.
Зияволхақ Абдул Джалил - Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқып жүрген ауғанстандық қазақ. Ол Азаттыққа Ауғанстан қазақтарының тұрмыс-тіршілігі туралы айтып берді.
Ресейлік қазақ Қазақстанға келгенде ана тілін білмей қиналған соң ондағы қандастарына қазақ тілін үйретуге кіріскенін айтады.
Лондонда тұратын Алтынбек Қабылахатұлы Ұлыбританиядағы қазақ жастарының ана тілін білуі мен білім алуы жайын әңгімелеп берді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытайдан Еуропаға көшіп барған қазақ диаспорасының өкілі Талғат Қосжігіт Азаттыққа берген сұхбатында жолдағы көш қиындығы жайында айтып берді.
Иранда тұратын этникалық қазақ Пәрвиз Тіней Қызылорда облысынан жалға жер алып, күріштің ирандық тұқымын өсірмек. Ол жаңадан бастап жатқан ісі жайлы Азаттық тілшісіне әңгімелеп берді.
20 жастағы Самат Сәрсенов «Оренбург» футбол командасының жастар құрамасында ойнайды. Орынбор қазағы Азаттыққа футболдағы карьерасы мен болашақ жоспарлары жайлы айтып берді.
Қазақстанда туып, Қытайда қаза тапқан Зуқа батырдың 150 жылдығы Алматы облысында өтіп жатыр. Тарихшы ол кісіні «әділетсіздікпен күрескен адам» деп сипаттайды.
Тағы