Accessibility links

Ирандағы қазақтар моңғол сарбаздарының рөлін сомдап жүр

Иранда тұратын этникалық қазақ Пейман Әбішұлы. Сурет автордың жеке мұрағатынан.
Иранда тұратын этникалық қазақ Пейман Әбішұлы. Сурет автордың жеке мұрағатынан.

Иранда тұратын жиырма шақты қазақ көп сериялы фильмге түсіп жатыр. «Кино өнерінен арнайы біліміміз болмаса да, өзіміздің кім екенімізді танытып жүрміз» дейді олар.

Иранда тұратын Абдулла Тобыш Тегеран маңында түсіріліп жатқан көп сериялы фильмге актер ретінде қатысып жүр. Өзінің айтуынша, ол он бес жасынан бері Иранда бірнеше фильмге түсіп, соның бәрінде моңғол ұлты өкілінің рөлдерінде ойнаған.

Иран қазақтары киноға түсіп жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:44 0:00
Жүктеп алу

- «Дарға асылған жанкештілер», «Моңғолдар қайта оралғанда», «Хан сарайында көтерілген жалау» деп аталатын үш фильмге түстім. Осы жолы моңғол шапқыншылығы кезінде тұтқынға түскен парсы қызы туралы әфсана негізінде құрылған «Әдемі ай» деп аталатын фильмге түсіп жатырмын. Бұл фильмде моңғол жауынгерлерінің рөлінде ойнап жүрмін, – дейді Абдулла Тобыш.

Ирандағы жергілікті кинорежиссер Давуд Мирбақеридің басшылығымен түсіріле бастаған «Әдемі ай» фильміне қатысып жүрген Абдулла Тобыштан басқа да он шақты этникалық қазақ жасы бар. Солардың бірі, сауда-саттықпен айналысатын Пейман Әбішұлы да киноға түсуге кездейсоқ келіп қалғанын айтады.

- Арнайы оқыған мамандығым жоқ. Өткен жылы таныс жігіттердің бірі «осындай кино түсіргелі жатыр, қатысасың ба» деген соң суретімді жібергенмін. Биыл шақырып, түсірілім басталып кетті, – дейді ол Азаттық тілшісіне.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Иранда киноға түсіп жатқан этникалық қазақтар (суреттің үстінен басыңыз)

Киноға түсіп жатқан Иран қазақтары

Иранда тұратын жиырма шақты қазақ Шыңғыс хан заманы туралы баяндайтын көп сериялы фильмге түсіп жатыр. 
1/9 Иранда тұратын жиырма шақты қазақ Шыңғыс хан заманы туралы баяндайтын көп сериялы фильмге түсіп жатыр. 
Иранда тұратын этникалық қазақтар жергілікті режиссер Давуд Мирбақеридің Шыңғыс хан заманына арналған "Әдемі ай" фильміне түсіп жатыр. Суреттер Иранда тұратын этникалық қазақ Пейман Әбішұлының жеке мұрағатынан алынды.
Шыңғыс хан сарбаздарының рөлін сомдап жүрген этникалық қазақтар. 
2/9 Шыңғыс хан сарбаздарының рөлін сомдап жүрген этникалық қазақтар. 
Иранда тұратын этникалық қазақтар жергілікті режиссер Давуд Мирбақеридің Шыңғыс хан заманына арналған "Әдемі ай" фильміне түсіп жатыр. Суреттер Иранда тұратын этникалық қазақ Пейман Әбішұлының жеке мұрағатынан алынды.
"Іріктеу болған кезде бізді ең алдымен атқа мінгізіп, шапқылатып көрді. Бұрын атқа мінбесек те, бірден отырып кеттік. Қазір ат үстіндегі ойындардың бәрін меңгеріп алдық" дейді ирандық қазақ жігіттері. 
3/9 "Іріктеу болған кезде бізді ең алдымен атқа мінгізіп, шапқылатып көрді. Бұрын атқа мінбесек те, бірден отырып кеттік. Қазір ат үстіндегі ойындардың бәрін меңгеріп алдық" дейді ирандық қазақ жігіттері. 
Иранда тұратын этникалық қазақтар жергілікті режиссер Давуд Мирбақеридің Шыңғыс хан заманына арналған "Әдемі ай" фильміне түсіп жатыр. Суреттер Иранда тұратын этникалық қазақ Пейман Әбішұлының жеке мұрағатынан алынды.
Киноға түсіп жатқан ирандық қазақтардың арнайы оқыған кино саласындағы мамандығы жоқ.  
4/9 Киноға түсіп жатқан ирандық қазақтардың арнайы оқыған кино саласындағы мамандығы жоқ.  
Иранда тұратын этникалық қазақтар жергілікті режиссер Давуд Мирбақеридің Шыңғыс хан заманына арналған "Әдемі ай" фильміне түсіп жатыр. Суреттер Иранда тұратын этникалық қазақ Пейман Әбішұлының жеке мұрағатынан алынды.
Жігіттердің ішінде "Шыңғыс хан жаулап алған жерге қалдырып кеткен әскербасы рөлін ойнап жүргендері" де бар. 
5/9 Жігіттердің ішінде "Шыңғыс хан жаулап алған жерге қалдырып кеткен әскербасы рөлін ойнап жүргендері" де бар. 
Иранда тұратын этникалық қазақтар жергілікті режиссер Давуд Мирбақеридің Шыңғыс хан заманына арналған "Әдемі ай" фильміне түсіп жатыр. Суреттер Иранда тұратын этникалық қазақ Пейман Әбішұлының жеке мұрағатынан алынды.
Қазақ жігіттері «арнайы біліміміз жоқ болғанымен өзіміздің кім екенімізді танытып жүрміз» дейді.
6/9 Қазақ жігіттері «арнайы біліміміз жоқ болғанымен өзіміздің кім екенімізді танытып жүрміз» дейді.
Иранда тұратын этникалық қазақтар жергілікті режиссер Давуд Мирбақеридің Шыңғыс хан заманына арналған "Әдемі ай" фильміне түсіп жатыр. Суреттер Иранда тұратын этникалық қазақ Пейман Әбішұлының жеке мұрағатынан алынды.
7/9

8/9

Ирандағы қазақтар түскен алғашқы картина режиссері Парвиз Кимьявидің 1973 экранға шыққан «Моңғолдар» фильмі болған еді.
9/9 Ирандағы қазақтар түскен алғашқы картина режиссері Парвиз Кимьявидің 1973 экранға шыққан «Моңғолдар» фильмі болған еді.
Иранда тұратын этникалық қазақтар жергілікті режиссер Давуд Мирбақеридің Шыңғыс хан заманына арналған "Әдемі ай" фильміне түсіп жатыр. Суреттер Иранда тұратын этникалық қазақ Пейман Әбішұлының жеке мұрағатынан алынды.
Previous slide
Next slide

Пейманның айтуынша, «бұл фильмнің қосымша эпизодтарына 22 қазақ түсіп жатыр, тағы 10 қазақ жігіті келмек».

Пейман Әбішұлымен бірге киноға түсіп жүрген ирандық қазақ жігітінің бірі өзін «Жақып Шадкаммын» деп таныстырды.

- Алматыдан жақында оралдым. Өткен жылы кастинг болып, суреттерімізді жіберген едік. Келсем, киноға түсуге іздеп жатыр екен. Мен Шыңғысханның өзі жаулап алған жерге қалдырып кеткен әскербасы ретінде ойнап жатырмын. Біз қазір тек ат үстінде шайқасамыз, – дейді Жақып Шадкам.

Киноға түсіп жатқан қазақ жігіттердің бәрі осы күнге дейін атқа мініп көрмеген екен.

- Іріктеу болған кезде бізді ең алдымен атқа мінгізіп, шапқылатып көрді. Бұрын атқа мінбесек те, бірден отырып кеттік. Қазір ат үстіндегі ойындардың бәрін меңгеріп алдық. Одан кейін екі аптада арнайы адамдар келіп, қалай қылыштасу керек, аттан қалай құлау керек деген секілді нәрселерді үйретті, – дейді Жақып Шадкам.

Ирандық фильмге түсіп жатқан, кинематография саласынан бұған дейін бейхабар қазақ жігіттері «арнайы біліміміз жоқ болғанымен өзіміздің кім екенімізді танытып жүрміз» дейді.

Ирандағы қазақ жастарының сөзінше, олар түсіп жүрген «Әдемі ай» фильмі Шыңғысхан заманын бейнелейді. Ол елдегі қазақтар түскен алғашқы фильм – режиссері Парвиз Кимьявидің 1973 экранға шыққан «Моңғолдар» фильмі.

Айдар
XS
SM
MD
LG