Лондонда тұратын Алтынбек Қабылахатұлы Ұлыбританиядағы қазақ жастарының ана тілін білуі мен білім алуы жайын әңгімелеп берді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытайдан Еуропаға көшіп барған қазақ диаспорасының өкілі Талғат Қосжігіт Азаттыққа берген сұхбатында жолдағы көш қиындығы жайында айтып берді.
Иранда тұратын этникалық қазақ Пәрвиз Тіней Қызылорда облысынан жалға жер алып, күріштің ирандық тұқымын өсірмек. Ол жаңадан бастап жатқан ісі жайлы Азаттық тілшісіне әңгімелеп берді.
20 жастағы Самат Сәрсенов «Оренбург» футбол командасының жастар құрамасында ойнайды. Орынбор қазағы Азаттыққа футболдағы карьерасы мен болашақ жоспарлары жайлы айтып берді.
Қазақстанда туып, Қытайда қаза тапқан Зуқа батырдың 150 жылдығы Алматы облысында өтіп жатыр. Тарихшы ол кісіні «әділетсіздікпен күрескен адам» деп сипаттайды.
Иранда тұратын Мехди Табынай – жылқы ұстап, бәйгеге ат қосатын қазақтардың бірі. Ол сол елдегі қандастарының жүйрік баптауы туралы әңгімеледі.
Өзбекстанда туған этникалық қазақ Талғат Ілиясов олимпиадаға Австралия атынан қатысты. Балуанға Риоға баратын қаржыны мемлекет емес, жанкүйерлер жинап берген. Қазақстанды әлі көрмеген спортшы осы елдегі туыстарына келіп қайтпақ.
Рио олимпиадасында грек-рим күресінен Өзбекстанға қола әперген 24 жастағы этникалық қазақ балуаны Елмұрат Тасмұратов «бірнеше жыл бұрын Қазақстан құрамасына ене алмағанын» айтады.
Моңғолиядағы тасқыннан зардап шеккендерге арнап қазақстандық белсенділер салғызып жатқан кейбір үйлер «қауіпті зонада тұрғандықтан» бұзылатын болды.
Cтамбулда докторантурада оқып жатқан Қазақстан азаматы Нұрат Ілияс шілденің 16-сына қараған түні қалада болған оқиғалар жайлы Азаттыққа айтып берді.
Францияның Ницца қаласында кеше кешке болған қайғылы оқиға куәгерлері сол кездегі халдерін, қаланың қазіргі жағдайын әңгімелеп берді.
Шілденің 10-ы күні Моңғолияның этникалық қазақтар шоғырланған Баян-Өлгий қаласында су тасқыны жүріп, 100-ден аса үй қирады, 700-дей адам баспанасыз қалды. Адам шығыны да бар.
Тағы