Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте "ішінара мобилизация" туралы жарлық шығарғаннан кейін елден кетушілер күрт көбейді. Қазақстанға қарай өтіп жатқандар да көп екені жайлы ақпарат тарады. Ресейдегі қазақтардың қазіргі жағдайы қандай? Азаттық оларға хабарласып, қазіргі жағдайын білді.
Арқалықта туған Жасұлан Дүйсембин үш жыл бұрын Украинаға көшкен, қазір сол елдің әскері сапында Ресей басқыншылығына қарсы шайқасып жүр. Украин әйелге үйленген, екі баласы бар. Әлеуметтік желіде майдандағы ахуал, Қазақстан туралы ойларын жиі білдіріп жүрген қазақ жігіт Азаттыққа сұхбат берді.
Ресейдің Астрахан облысында тұратын халықтың 16 пайызы – қазақтар. Билік пен әскерилер туыстары жариялаған деректер Украинада қаза тапқан осы облыс азаматтарының 80 пайызының ұлты қазақ екенін көрсетеді. "Idel.Реалии" сайты астрахандық бірнеше қазақпен сөйлесіп, соғыс жайлы ой-пікірін сұрады.
7-8 сәуірде Моңғолияда мыңдаған жас билікке қарсы, қымбатшылыққа, ұлттық валюта төгрөгтің құнсыздануына, жемқорлыққа қарсы бейбіт шеруге шықты. Азаттық наразылыққа қатысқан моңғолиялық қазақтармен сөйлесіп, наразылықтың жай-жапсарын білді.
Австрияда тұратын Ләззат Әбдуәлиқызының үйінде Украинадан босқан үш отбасы тұрып жатыр. Оның бәрі – әйелдер мен балалар. Ерлері соғыс аумағында қалған. Ләззат Азаттыққа босқындарды қалай тапқанын, тілі бөтен кісілермен қалай түсінісіп жатқанын баяндап берді.
Ауғанстанда билікке "Талибан" қозғалысы келген соң, Қазақстан былтыр ол елден 35 қазақты тарихи отанына жеткізген еді. Билік атамекенге оралуға ықылас білдірген өзге қазақтарды да эвакуациялауға уәде еткенімен, ол іс аяқсыз қалды. Ауғанстанда қалған қазақтар өздерін көшіріп алуды сұрайды.
Украинада тұратын қазақтар мен қазақстандықтар Ресейдің шабуылынан кейін басталған жарылыстар, банкоматқа кезек және елден кету ниеті туралы ой бөлісті.
18 желтоқсан – Мигранттардың халықаралық күні. Кейінгі жылдары Еуропадан, соның ішінде Чехия мен Швециядан босқын мәртебесін сұрайтын қазақстандықтардың саны артқан.
АҚШ президенті Джо Байден банк саласын реттейтін саяси қызметке Қазақстан тумасы Сәуле Омарованы ұсынды. Тағайындалса, басқарманың 158 жылдық тарихында басшы атанған тұңғыш әйел, тұңғыш ақ нәсілді емес адам болмақ. 3,5 мың қызметкері бар басқарма мыңнан астам ірі банкті бақылайды.
Тағы