Түркіменстаннан Қазақстанға көшкісі келетін жүзден астам этникалық қазақ отбасы жеті айдан бері атамекенге жете алмай отыр. Олардың көбі қыстың соңы, көктемнің басында үйін сатып, Түркіменстандағы тіркеуден шыққан. Бірақ пандемияға байланысты шекара жабылған соң сол елде қалуға мәжбүр болған.
Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп кеткен қазақстандық Герман Ким 57 жасында сол елде қайтыс болды. Кореяның Инчхон қаласына нәпақа табуға барған ұлы Денис Ким әкесінің сүйегін елге әкелуге ақшасы жетпей қиналып отырғанын айтады.
Неміс жазушысы Александра Кавелиус "Шыңжаңдағы адамдардың жағдайының сорақылығы соншалық, қол қусырып отыруға дәтің шыдамайды" дейді. Жақында оның Қытайдағы лагерьлер жайлы Die Kronzeugin атты кітабы шықты. Кітаптың қосалқы авторы әрі бас кейіпкері –Сайрагүл Сауытбай.
Шыңжаңдағы саяси лагерьге қамалып шыққан Қазақстан азаматы жеке басының қауіпсіздігі үшін шетелге кетуге мәжбүр болғанын айтады. Қазір отбасымен Нидерландыда тұрып жатқан Өмірбек Бекәлі Қазақстан азаматтығынан бас тартқан.
Жапонияда тұрған қазақ кәсіпкер Әли Әбдіғали сонда үйренгенін іске асырып, туған жерінде бөдене фермасын қалай ашқанын, екі елдегі ерекшеліктерді айтып берді.
Иранда тұратын этникалық қазақ, мамандығы дәрігер Мехрдад Чалак қызметте жүріп коронавирус жұқтырған. Ол үйінде емделіп, дерттен айыққан соң вирус жұқтырғандарды емдеу үшін жұмысына қайта оралған. COVID-19 ауруынан жазылған Иран қазағы Азаттыққа қазіргі жағдайы мен елдегі ахуал жайлы айтып берді.
Шалғайдағы ауыл баласы колледждегі оқуын тастап, анасымен бірге Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп кетті.
Коронавирус көп тараған Италия, Оңтүстік Корея мен Испаниядағы қазақстандықтар Азаттыққа ол елдердегі жағдайды баяндады. Олар Оңтүстік Кореяда медициналық масканы төлқұжат бойынша беретінін, ал Италияның Милан қаласында дүкен, кафелерге кезекпен кіргізетінін айтады.
Қытайда тараған коронавирустан ең көп зардап шегіп жатқан елдердің бірі Иранда, 4 наурыздағы дерек бойынша, кемінде 92 адам көз жұмды. Иран қазақтары Азаттыққа ол елдегі қазіргі жағдай туралы айтып берді.
Қытайдың этникалық қазағы Гүлзира Әуелханқызы Азаттыққа Шыңжаңдағы "саяси тәрбиелеу лагеріне" қалай түскенін айтып берді. Ол "лагерьде" қандай қиындық көргенін, фабрикада еркінен тыс жұмыс істегеннен кейін Қазақстанда қалған отбасына қалай оралғанын баяндады.
Тағы