Оралда туып өскен, қазір Львовта тұратын Александра Мартиненко сұхбатында Қазақстан мен Украинадағы өмір салты туралы әңгімелейді.
Қытайда туған этникалық қазақ Ғалымбек Шағыман Ташкент әуежайынан шыға алмай отыр. Бизнеспен айналысатын Қытай қазағы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевке өтініш жасап, Қытайға экстрадицияламауды сұраған.
Ресейдің Алтай республикасы Қосағаш ауданы Жазатыр ауылында мың жарымға жуық қазақ тұрады. Негізгінен мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындары саны аз қалған ілбісті қорғауға атсалысып жүр.
Өздерін "Қазақстан азаматымыз" деп таныстырған этникалық қазақ отбасы бес жылдан бері Қытайдан Қазақстанға қайта алмай жүргендерін айтып, видео үндеу жолдады. Ресми Астана олардың қос азаматтығы болғанын айтады.
Чех Республикасының адам құқығы және ұлттық азшылықтар жөніндегі экс-министрі, қазір Чехияның оппозициялық либерал-экологиялық партиясы төрағасының орынбасары Жәмила Стехликова тарихи отанындағы жағдайды жіті бақылайды.
Моңғолияда тұратын 65 жастағы этникалық қазақ Сайлаухан Зәкәрияұлы Алматыда өткен бүркітшілер арасындағы Азия чемпионатына қатысты. 30 жылдан бері құсбегілікпен айналысып жүрген бүркітші Азаттық тілшісіне қыран баптаудың қыр-сырын айтып берді.
Мәскеу мемлекеттік университетінде оқитын қазақ студенті Бота Құсайын Қытайда саяси лагерьде қамауда отырған әкесі мен әжесінің жағдайы туралы Twitter-де жиі жазып, халықаралық басылымдар мен ұйымдардың назарын аудартты.
Улан-Баторда тұратын этникалық қазақ Бердібек Дәулетбекұлы елдегі танымал «Mongolia’s got talent» тележобасына қатысып жатыр.
Алматыда бір топ зерттеуші, қазақ диаспорасының өкілі мен жергілікті тұрғын 1940 жылдары Қытай билігінің қуғынынан қашып, Үндістанға өтіп кетуге мәжбүр болған Шыңжаң қазақтарының жетекшісінің 110 жылдық мерейтойын атап өтті.
Санкт-Петербургтегі қазақтардың "Атамекен" ұйымын 30 жылдай басқарып келе жатқан ақсақал Азаттыққа диаспораның өмірі мен Қазақстанға кеткен үш баласы туралы әңгімелеп берді.
АҚШ-тың Apple компаниясында істейтін Моңғолия қазағы Әйгерім Сәулетқанқызы бала күнінен бастап бұзылған жабдықтарды жөндеуге құмар болғанын айтады. Батыста оқыған программист қыз Азаттық тілшісімен әңгімеде IT саласына қалай келгені туралы әңгімелейді.
Түркия әуежайында полиция ұстаған Раушангүл Ташмағамбет босатылды. Ол - Қытайда туған этникалық қазақ Өмірбек Бекалының әйелі.
Тағы