Моңғолиялық Жандос Шәріпұлы көппартиялы жүйенің арқасында сол елдегі саясатқа араласқанын айтады. "Бұл қызметке қарым-қабілетіме байланысты ие болдым" дейді ол.
Алматыға Қытайдан қоныс аударған қазақтар бірінің баласы, екіншісінің әкесі Шыңжаңға қыдырып барғанда ұсталып, сотталғандарын айтады. Туыстары оларға анық не айып тағылғанын да біле алмай отыр.
Египетке тіл курсына кеткен қазақстандық алты студент бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз қалды. Олардың кейбірінің туыстары «жастар намаз оқыса да, әсіредіншіл болмағанын» айтып алаңдайды.
Түркия «1941 қазақстандықтың» Сириядағы қақтығыс аумағына барғаны туралы мәлімет бар деп, оларды территориясына кіргізбейтінін мәлімдеді. Қазақстан азаматтары қақтығыс аймағына кіруге жиі талпынатын 10 ел қатарында аталған.
Қытай билігі Шыңжаңда полиция тергеуінде қаза тапқан қазақ имамның жақтастарын қудалай бастады деп хабарлады «Азат Азия радиосы». Билік имамның өлімін «өзіне-өзі қол жұмсаған» деп түсіндірген.
Қытайда тұратын қазақ бишісі бұл өнердің дамуы туралы, ондағы бидің Қазақстандағы биден айырмашылығы жайлы айтты.
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында президент Назарбаевқа шеттегі қандастарының жайын айтқан этникалық қазақ «үлкен кісі көп нәрсені жақсы ойлайды, бірақ төңірегіндегілердің ынтасы мен ықыласы жетпей қалатын шығар» деп жориды.
«Қауымдастықтың басына зейнеткерлер емес жастар келуі керек» дейді кей пікір иелері. Ал бұл ұйымның басшылығы «көпшілік қауымдастықтың міндетін министрліктердің міндетімен шатастырады» деп кейиді.
Дүниежүзі қазақтары құрылтайында диаспора өкілдерінің бірі Қытай қазақтарының қысымға алынғанын көтерді. Жиында қауымдастық төрағасы қайта сайланып, оның бірінші орынбасары ауысты.
Бабалары 20-ғасырдың басында Қазақстаннан Қырғызстанға қоныс аударған Махаббат Темірбекова үлкен атасының «Алаш» партиясына мүше болғанын айтады. Ол Қазақстан архивтеріне кіріп, атасының тарихи отанындағы ғұмыр деректерін білгісі келеді.
Иранның Бендер-Түркімен қаласында бүгін өтіп жатқан жергілікті билік сайлауына екі этникалық қазақ түсіп жатыр. Ирандағы қазақтардың айтуынша, азшылық ұлт өкілдері ретінде қазақтардың тек жергілікті сайлауларға ғана қатысуға мүмкіндігі бар.
Тағы