Қырғызстаннан көшіп келген қазақтар оралман мәртебесіне ие болғанымен, тиесілі квоталарын ала алмай жүргендерін айтады. Ал көші-қон полициясы өз істері заңға сай екенін алға тартып отыр.
«Егер ендігі өмірім осылай өтсе, о дүниедегі тозақтан айырмашылығы болмай қалар» дейді құжатын ала алмай жүрген оралман жігіт.
Қарашаның 8-інде Алматыдағы заң академиясында жалпы республикалық адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау коалициясының ұйымдастыруымен «Мәмілегер» орталығының алғашқы отырысы өтіп, оралмандар мәселесі сөз болды.
«Тыңшылық жасады» деген айыппен 2005 жылы 13 жылға сотталып, содан бері Қытайдың Үрімжі қаласындағы №1 түрмеде отыр деп хабарланған Рақыжан Зейноллаұлының зайыбы екі елдің арасында сергелдең күйге түскенін айтып шағынады.
Алматы қаласының іргесіндегі Талғар ауданына қарасты Жалғамыс ауылының тұрғындары жарық, су, көліктен көрген қиындықтарын айтады. Ауыл әкімі тұрғындардың сөзін жоққа шығарады.
"Оралмандар қазақстандық қоғамның толық мүшелері бола алмады, соңғы кездері биліктің сынына ілігіп, қуғын көріп жатыр" деп есептейді Азаттық радиосы дөңгелек үстелінің қонақтары.
1960 жылдары Қытайдан Қазақстанға оралған көрнекті жазушы Совет Одағында репатрианттарды әлеуметтік тұрғыда жерсіндіру қазіргі Қазақстандағы оралмандарға қатысты саясаттан әлдеқайда тиімді жүргенін айтады.
Оралман жастар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басшысына «кінәсін мойындап, кешірім сұрау үшін» бір апта мұрсат берді. Кейбір азаматтар елде «оралмандарға қарсы әрекеттер» басталғанын айтады.
Олар қалада тіркеліп, жұмысқа орналасып, тұрғын үй ала алмайды. Теміртауда ресми түрде үш оралман ғана жұмыссыздар тізімінде тіркеуде бар.
Ал кейбір қоғамдық ұйым өкілдері сол сөзіне бола Талғат Мамашевты сотқа беретіндерін айтады.
«Қоянды-2» саяжайының тұрғындары су, электр жарығы және қоғамдық көлікті талап еткелі алты жыл болды. Олардың айтуынша, билік бәрін істеуге уәде еткен, бірақ ештеңе де жасамаған. Шенеуніктер «саяжай адамдар тұратын жер емес» дейді.
Моңғолиядан келген Әбдікерімнің отбасына Қазақстандағы жағдайға үйренуі үшін біраз уақыт кетті. Олар бұл жаққа тұрақты, жақсы өмір сүреміз бе деген үмітпен келген, бірақ әділетсіздікке тап болды.
Тағы