Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі қазақтар мәселесін көтеріп жүрген "Атажұрт еріктілері" тіркелмеген қоғамдық ұйымының ісі қалай жалғасып жатыр? Жетекшісі Серікжан Біләштің жауапқа тартылуы ұйым жұмысына қалай әсер етті? Азаттық ұйым белсенділерінен сұрап көрді.
Қытайдағы қысымның себебінен Қазақстанға уақытында қайта алмауына немесе құжаттарының мерзімі өтіп кетуіне байланысты Қазақстан азаматтығын ала алмай жүрген жүздеген адам қыркүйекте парламент көші-қон туралы заңға тиісті өзгеріс енгізеді деп үміттенеді.
2017 жылы қазіргі Нұр-Сұлтанда өткен Дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайында Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Отандастар" қорын құруды тапсырған.
Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай отбасымен бірге Қазақстаннан кетіп қалды. Адвокатының айтуынша, Қазақстан билігі шекарадан заңсыз өткені үшін соттап, босқын мәртебесін беруден бас тартқан Сауытбайды "әлемдегі дамыған елдердің бірі" қабылдауға келіскен.
Азаттық Шыңжаңдағы саяси үйрену лагерьлері туралы үнемі жазып келеді. Бұл жолы үйқамақта отырғандар туралы жаңа ақпарат ұсынады.
Қазақстанда бір жылға берілген оралман куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты азаматтық ала алмай жүрген мыңдаған адам бар. Олардың көбі –Қытайдан қоныс аударған этникалық қазақтар.
Қазақстанға Қытайдан көшіп келген немесе ата-анасы Қытайға барып, кері қайта алмай қалған этникалық қазақтардың кейбірінің балаларында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ. Кейбірінің мерзімі аяқталған. Ал әке-шешесі жанында жоқ кей балалар құжат мерзімін ұзарта алмай жүр.
«Туыстарымыз Қытайда заңсыз қамалды» деген бір топ қазақстандық азамат Алматыда баспасөз жиынын өткізді. Олардың айтуынша, Шыңжаңға барған туыстарының кейбірі сегіз ай бойы қамауда отыр.
Қытайдан келген қазақ отбасына азаматтық алу мұң болды. Көші-қон полициясы олардың оралман куәлігінің мерзімі өтіп кеткенін алға тартады. Оралман отбасы ықтиярхат рәсімдеуді созып жіберді деп полицияны кінәлайды.
Алматыдағы «Арман» кинотеатрында Түркияда тұратын қазақтардың екі ұрпағының тағдыры жайлы баяндайтын «Стамбулдан шыққан қазақ» деректі фильмінің премьерасы болды. Кейіпкерлердің бірі - Қазақстанға көшкенге дейін көп жыл Түркияда тұрған ақсақал. Екіншісі - тарихи отанына оралуды енді ғана жоспарлап жүрген жігіт.
Биыл жазда Қытайдың Алтай аймағынан Қазақстанның Павлодарына трактормен бес отбасыны көшіріп әкелген оралман атамекендегі алғашқы жылын қалай өткергені жайлы ой бөліседі.
Тағы