Моңғолиядан Қазақстанға 2011 жылы келген этникалық қазақ Ғазиза Октябрьге Қазақстан азаматтығы берілмейтіні хабарланған. Жергілікті билік өкілдері оның «теріс ағым өкілі» екенін, сондықтан «Моңғолияға депортация жасалатынын» айтады. Ал оралман әйел тарихи отанында қалуға таласып жүр, енді ол азаматтық алу үшін сотқа жүгінді.