«Өзенмұнайгаз» компаниясының кәсіподақ белсендісі Құдайберген Қарабалаевтың беймәлім жағдайда мерт болған қызы Жансәуле бүгін жерленді. Жаңаөзен жұмысшылары «Жансәуленің өлімі әкесінің белсенділігімен байланысты» дейді.
Бірақ билікке сөздерін осы амалмен жеткізбек болған Жаңаөзен мұнайшылары "әзірше талпынысымыз сәтті болмай тұр" дейді.
Маңғыстауда ереуілдеп жатқан мұнайшыларға барып, кәсіби көмек көрсетіп қайтқан тәуелсіз заңгер Жиынбек Рәбілұлы жұмысшылардың заңды білмейтінін, жұмыс берушінің заңды бұзатынын айтады.
Оппозиция белсенділері «Халық майданы» қозғалысы мүшесі Жанболат Мамайды босатуды, түрмеде отырған заңгер Наталья Соколова мен шартты жаза алған Ақжанат Әминовтың ісін қайта қарауды талап етті.
Бүгін Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының мұнайшылары «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығу жөніндегі арыздары мен партиялық билеттерін ресми түрде тапсырды.
Екі айдан бері жалақы алмаған мұнайшылардың бала-шағалары қалай күн көрерін білмей отырғандарын айтады.
Тамыздың 8-і күні Ақтау қалалық №1 сот «Қаражанбасмұнай» компаниясы мұнайшыларының белсендісі, кәсіподақ заңгері Наталья Соколованы «әлеуметтік жанжал тудырды» деген айыппен соттады.
«МұнайФилдСервис» компаниясының Жаңаөзендегі өндіріс аймағында жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда компания бастығының орынбасары қамауға алынған. Ал маңғыстаулық мұнайшылар жаппай «Нұр-Отан» партиясының қатарынан шыға бастады.
Жаңаөзендегі кеніште шыққан өрттен бір адам қайтыс болып, екі адам жарақат алды. Кейбір жұмысшылар бұған компания басшылығын кінәлап отыр.
Ақтауда маңғыстаулық мұнайшылардың құқығын қорғаушы тәуелсіз заңгер Наталья Соколованың соты басталды. Ал «Өзенмұнайгаз» компаниясы мұнайшыларды жұмысқа шығуға үндеген парақшалар таратып жатыр.
Ал Еуропарламент депутаттары Қазақстан президенті Назарбаевқа хат жазып, Маңғыстаудағы ереуілшілер мәселесін бейбіт жолмен шешуге шақырды.
Жұмыстан шығаруға салынған тыйым мерзімі өтсе де, мұнайшылар мен жұмыс берушілер мәмілеге келе алмай отыр. Наразылық танытушыларды енді Қаламқас кенішіндегілер де қолдады.
Тағы