Жексенбі күні Маңғыстауға келген Еуропа парламенті депутаты Пол Мерфи Жаңаөзендегі ереуілдеткен мұнайшылармен, «Өзенмұнайгаз» кәсіпорыны басшыларымен, «Қаражанбас» мұнай компаниясы жұмысшыларымен кездесті.
Жаңаөзен қалалық әкімдігі маңына жұма күні жиналған мұнайшылар мен қала халқы бірнеше күн алаңда түнеді. УОС-5 мекемесі алдында аштық жариялағандарды полиция күштеп таратты.
Маңғыстау облыстық аппеляциялық соты жаңөзендік мұнайшылар белсендісі Ақжанат Әминовті қамауда қалдыруға шешім шығарды.
Ал Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшыларының наразылығы жаппай аштыққа ұласпақ. «Ерсай» компаниясының жүздеген жұмысшысы талаптарынан танбайтындарын айтады.
Қаражанбас мұнайшылары Астанаға келіп, президент әкімшілігіне арнайы хат тапсырды. Ал Ерсайда ереуілдеген мұнайшылар қатары сиреп барады.
Маңғыстаудағы мұнайшылардың заңгері, «әлеуметтік жанжал тудырды» деп айыпталған Наталья Соколованың күйеуі адвокаттардың тәуелсіздігіне сенбейді.
Мұнайшылардың туыстары «арандату ісіне енді жергілікті полиция кірісті» дегенді айтып отыр.
Қаражанбас кенішіндегі мыңдаған жұмысшы ұялы телефон байланысынан ажырап қалды. Ал «GSM Kazakhstan» компаниясы мұның ереуілге еш қатысы жоғын айтады.
Бірқатар ұйым өкілдері елдегі еңбек ұжымдарын бірігіп, акция өткізуге шақырды. Жаңаөзендегі мұнайшылардің ереуілін қолдамақ болған жеке кәсіпкер Серік Сапарғалиев пен бірнеше азамат әкімшілік жазаға тартылды.
Жексенбі күні қайта басталған мұнайшылар ереуілі бүгін ары қарай жалғасты. Қамауға алынған мұнайшылар әкімшілік сотқа тартылды.
Маңғыстау облыстық әкімдігі алдына жиналған Қаражанбас кеніші жұмысшылары маусымның 3-і күні кешке қарай облыс әкімімен кездесті.
Маңғыстаудағы толқуларды билік өкілдері «заңсыз» деп атаса, оппозициялық партиялар жұмысшылар жағына шығып отыр. Кейбір саясаткерлердің пікірінше, бұл дағдарыс – мұнай-газ саласындағы қордаланған проблемалардың «жемісі».
Тағы