Шортанды ауданында сот шешімімен ауыз суы денсаулыққа қауіпті деп танылған бірнеше ауыл тұрғындары Азаттыққа мәселенің әлі шешілмегенін айтып шағымданды.
Компаниясы ұзақ тексеруге түскен кәсіпкер экология туралы мәлімдемесі үшін Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің кәріне ұшырадым деп санайды. Әкімдік оның сөзін теріске шығарады.
Азаттық тілшісі ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы құлаған Байқоңыр ғарыш айлағының төңірегіндегі елді мекендерді аралады.
Мұхитқа тасталған пластик заттар судағы тіршілік иелеріне ғана емес, адамға да зиянын тигізетін бактериялардың қалыптасуына ықпал етеді.
Қызылордалықтар бортында улы гептил отыны бар зымыран тасығыштың құлағанына алаңдайды. Ал экологтар апаттың зияны туралы әртүрлі көзқарас білдірді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жабылғанына 22 жыл болған Семей полигоны аумағын қолдануға болатынын айтты. Ғалымдар полигонның кейбір бөлігі әлі де қауіпті дейді.
АҚШ Конгресі Қазақстанда ядролық отын банкін салу жобасына қаржы бөлуді тоқтату туралы мәселе көтерді. АҚШ инвестициясының қалай жұмсалатынын білгісі келеді.
Азаттықтың оқырманы Каспий жағасындағы өлі итбалықтардың суретін жіберген соң тілшіміз оқиға орнына барып, тұрғындар мен мамандардың пікірін біліп қайтты.
Энергия үнемдейтін шамды күйіп кеткен соң да кәдеге жарату шарасы ескерусіз қалды. Табиғатқа зиянды бұл шамды ортақ қоқысқа тастауға болмайды. Алматыда мұндай шамды жинайтын екі-ақ орын бар.
БҰҰ Орталық Азияның шөлейттенуіне қарсы 10 жылдық бағдарлама жасаған еді. Бірақ бұл жобаның іске асуы қиынға айналып, қазір тоқтап қалуға шақ тұр.
Қарағанды облысының қорықшылары «Нияз-Аюлы орманындағы бағалы ағаштарды отап кетті» деп дабыл қақты. Азаттық тілшісі ағаш оталған жерді көріп қайтты.
Орталық Қазақстандағы мектептің бірнеше оқушысы күн сәулесінен қуат алатын пеш ойлап тапты. Оған су қайнатуға да болады.
Тағы