Accessibility links

Полигонның жері кәдеге жарай ма?


Семей полигонының орыны. 18 маусыс 2009 жыл.
Семей полигонының орыны. 18 маусыс 2009 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жабылғанына 22 жыл болған Семей полигоны аумағын қолдануға болатынын айтты. Ғалымдар полигонның кейбір бөлігі әлі де қауіпті дейді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев маусымның 25-і күні Шығыс Қазақстан облысына барған сапарында Семей халқымен кездесіп, бір жарым миллион гектары бар бұрынғы полигон аумағында радиация жоқ екенін, ондағы жердің жарамды екенін айтты.

Президенттің сөзінше, «пайдалы қазбаларға да бай бұрынғы полигон территориясы экономикаға көп пайда әкеледі».

Бірақ кейбір ғалымдар полигон аумағының кейбір бөлігі әлі де қауіпті екенін ескертеді.

Азаттық тілшісі ұлттық ядролық орталық бас директорының орынбасары Сергей Лукашенкодан осы жайлы сұрады.

Азаттық: – Лукашенко мырза, бұрынғы Семей полигоны территориясының экологиялық хал-ахуалы қандай? Ондағы жерлерді қауіптенбей-ақ қолдануға беруге бола ма?

Сергей Лукашенко: – Бұрынғы Семей полигонының территориясын кесімді түрде қауіпті, яки қауіпсіз деп атай алмайсың. Себебі мұнда қауіпсіз саналатын аумақтар бар. Оларды еш шектеусіз қолдана беруге болады. Ал екінші жағынан алып қарағанда, әлі күнге дейін жоғары дәрежеде радиацияланған жекелеген
Полигондағы жарылыстан пайда болған көл. 2009 жылдың тамызы.
Полигондағы жарылыстан пайда болған көл. 2009 жылдың тамызы.
аумақтар бар. Олар қауіпті, әрі қоршалған, ол жаққа өтуге болмайды. Мұндай аумақ ондаған шаршы шақырым жерді алып жатыр. Бірақ қауіпсіз жүріп-тұруға болатын аумақтың көлемі үлкен – ондаған мың шаршы шақырым.

Азаттық: – «Қауіпсіз» деп аталатын территорияны «абсолютті түрде қауіпсіз» деп санауға бола ма?

Сергей Лукашенко: – Тек өте мұқият жасалған зерттеулерден кейін ғана территорияның қауіпті немесе қауіпсіз екенін айта аламыз. Әдетте, мұндай зерттеулер екі жыл және одан да көпке созылады. Зерттеу барысында жасанды радионуклидтердің барлық мүмкін түрлерінің деңгейін анықтаймыз. Жалпы ақпараттар мен тәжірибелерімізге сүйене отырып, полигонның жағдайын талдай келе, мұндай қауіпсіз территорияның көлемі 90 пайыз деп болжаммен айта аламыз.

Зерттеулерге қарап қандай жерлерді ауыл шаруашылық мақсатта қолдануға болатынын, бірақ бұрғылау жұмыстарын жүргізуге болмайтынын анықтауға
Семей полигоны маңындағы Сарыжал ауылы. 2009 жылдың тамызы.
Семей полигоны маңындағы Сарыжал ауылы. 2009 жылдың тамызы.
болады. Сол сияқты керісінше қай жерді бұрғылауға болатынын біле аламыз.

Сонымен бірге мүлде кіруге болмайтын территориялар да бар. Ғалымдардың ұсыныстары әр түрлі. Ол әрбір аумақтың талдау нәтижесіне байланысты.

Азаттық: – Кейбір экологтардың дерегінше, бұрынғы Семей полигонының аумағында 200 миллион ядролық қалдық бар. Олар жыл сайын миллиондаған кюри радиация шығарады. Бұл қаншалықты рас?

Сергей Лукашенко: – Мен мұндай сандардың қайдан шыққанын және олардың кім айтқанын білмеймін. Бір нәрсені түсінуіміз керек – жер қойнауында өте көп радиоактивтік қалдықтар бар. 456 жарылыстың із-түзсіз жоғалып кетуі мүмкін емес қой. Бұл – анық. Бірақ олар бірнеше шақырым тереңде жатыр және қауіпті емес. Жер ядросы радиацияланған, бірақ бұл бізге әсер етпейді – себебі адамға жер бетіндегі радиация әсер етеді.
Невада полигоны - 900 сынақ, 3000 шаршы шақырым;
Семей полигоны - 450 сынақ, 18 300 шаршы шақырым

Азаттық: – Бұрынғы Семей полигонының территориясын қолдану мәселесі өткен жылы наурыз айында Сеулде өткен ядролық қауіпсіздік саммитінде талқыланды. Бұл саммитке Ресей, Қазақстан және АҚШ президенттері қатысқан еді. Сол кезде «полигоннан бұрынғыдай қауіп жоқ» екені айтылды. Сонда бұл асығыс жасалған тұжырым ба?

Сергей Лукашенко: – Асығыс түрде жасалған. Ластанған жекелей аумақтар бар, олар мыңдаған жылдар бойы сол күйінше қала береді. Ондай жер аз, бірақ ешқайда жоғалып кеткен жоқ. Ластанған аумақтарды зарарсыздандыру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. 20 жыл бойы көптеген ремедиациялық жұмыстар жүргізілді.

Семей полигоны

19 қазан - Семейде соңғы жарылыс болған күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:53 0:00
Жүктеп алу
1949 жылдан бастап ядролық сынақтар жүргізген Семей ядролық полигоны 1991 жылы жабылды. Полигонда 40 жылға созылған сынақ барысында 400-ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды. Полигон аймағындағы халықты басқа жаққа көшірмегеннің кесірінен мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдығып, көптеген сәбилер дүниеге мүгедек болып келді. Кейбір деректерге сүйенсек, қазір Семей полигоны аумағындағы «Найманжал», «Балтемір», «Қосқұдық» алтын кеніштерінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Азаттық: – Сонда полигон территориясының 90 пайызының қауіпсіз болуы бұл зарарсыздандыру жұмысының нәтижесі ме?

Сергей Лукашенко: – Жоқ, бұл жерлер әу бастан-ақ таза болатын. Кезінде полигонға жер көлемі артығымен бөлінді. Территорияны алар кезде ғалымдар ол жерде не істейтінін білген жоқ.

Үкімет қандай да бір сынақтар жүргізуді тапсырды, бірақ ол кезде бұл сынақтардың қаншаға созылатыны анық емес еді. Сол себепті жерді артығымен бөлді. Түсініктірек болу үшін мынадай деректер келтіре кетейін: Невада полигонында шамамен 900 ядролық сынақ жүргізілді. Невада полигонының көлемі - шамамен 3 мың шаршы шақырым. Ал біздің Семей полигонында 450 сынақ жүргізілді, ал территориясы 18 мың 300 шаршы шақырым.

Азаттық: – Ластанған аумақ көлемі азайды ма?

Сергей Лукашенко: – Әрине, көптеген ластанған аумақтар зарарсызданды, қалдықтар қажетті жағдайда көмілді.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет!
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG