Алматы облысында жұрт браконьерлердің жүгенсіздігіне шағым айтады. Балық аулауға тыйым салынған маусымда базарда жаңа ауланған балық көп. Азаттық тілшісі олардың қайдан келіп жатқанын анықтап көрді.
23 мамыр – Дүниежүзілік тасбақа күні. Қазақстаннан шетке тасбақа тасып сату жасырын табыс көзіне айналды. Бұл қылмыспен ұсталғандар көбінесе айыппұл төлеп құтылады.
2013 жылды БҰҰ бас ассамблеясы Халықаралық су әріптестігі жылы деп жариялаған. Ал 22 мамыр - Халықаралық биологиялық әртүрлілік күні.
Ресейде экологиялық қозғалыс белсенділерінің соққыға жығылуы табиғи қорыққа жақын маңда кеніш ашуға қарсы күрестің шырқау шегіне жеткенін көрсетті.
Атырауда салынғалы отырған алғашқы интеграцияланған газ-химиялық кешені құрылысын талқылаған қоғам өкілдері «жоба талапқа сай емес» дейді.
Қазақстан парламенті Балқаш көлінің жағасында жылу электр станциясын (ЖЭС) салу келісімі жобасын мақұлдады. Ал экологтар "Балқаш көлінің проблемасы онсыз да жеткілікті" дейді.
Тау бұлақтарынан су алатын тұрғындар «қаладағы құбыр суының хлоры көп, ішуге жарамсыз» екенін айтады. Азаттық тілшілері Алматының ауызсуына лабораториялық зерттеу жасатып көрді.
Балқаш көлінде жыланбас деген жыртқыш балықтың көбейгені байқалып отыр. Кей адамдар «бұл балық тез көбейеді, аса мешкей, көлдегі балықтарды жеп тауысады» деп алаңдайды.
Азаттық 2013 жылы наурыздың 13-і күні гидротехник Нариман Қыпшақбаевпен онлайн-конференция өткізді.
Алматы облысының саябағындағы шоқ ағаштың оталуына белсенді түрде қарсы шығып келген Нұрлан Өтеулиев түсініксіз жағдайда қаза тапты. Туыстары мен жақтастары ол азаматтық позициясы үшін құрбан болды деп санайды.
Азаттықтың дерек көзі өткен сенбіде Каспийдегі Қашаған кенішінің жасанды аралындағы ұңғымалардың бірінен ақау шыққанын хабарлады. Бүгін құзырлы орындар бұл жайтты растады.
Тағы