AzattyqLIVE хабарында мемлекеттік тіл тақырыбы талқыланды. Хабарға жазушы, тіл маманы Қанат Тасыбеков қатысты.
Башқұрстанда республика басшылығына кандидатқа тілге байланысты талап қою дау туғызды.
Түркияда туып, Францияда тұрған, арғы тегі алтайлық қазақ Өмір Өзкалп Германияда кәсіпкерге айналды. Түркияда – "Омер", Францияда – "Виктор-Зафер" атанған Өмір шеттегі қазақ жастарының ана тілінен ажырап бара жатқанын айтып қынжылады.
"Urban Forum Qazaqsha" жиынында қазақ тілді жастардың қоғамдағы белсенділігі жөнінде пікірталас өтті. Бір зерттеуші қазақ тілді жастарды "тіл мен тарих қана қызықтыратын, қаланың дамуына селқос" топ деп сипаттады. Бұл тұжырыммен келіспегендер әлеуметтік мәселелерді шешуге назар аудартты.
Алматыда өткен жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерін талқылау жиыны кезінде тіл реформасының шешілмеген түйткілдері көп екені аңғарылды.
"Білім туралы" заңдағы өзгерістерден кейін ана тілін оқыту 1990 жылдардың басындағы схемаға оралатын болады дейді Ресей құрамындағы Марий Эл республикасының бұрынғы білім министрі.
40 жылға жуық Венгрияда тұрып жатқан этникалық қазақ Оңайша Мандоки ондаған жыл бойы жергілікті тұрғындарға қазақ тілін үйретіп келеді. Лакителек халық институтында қазақ тілін оқытатын маман Азаттыққа Шығыс Еуропаға қоныстану себебі, Венгриядағы қазақтар және тіл үйрету тәсілдері туралы әңгімеледі.
Сарапшы билік бекіткен латын графикасындағы әліпбидің жаңа нұсқасы мұның алдындағы "апострофты нұсқадан құтылу үшін ұсынылғанын" айтады. Ал ғимарат маңдайшасындағы атауын апострофты латын әріптерімен жазып алғандар оны қайта өзгертуі мүмкін.
Оңтүстік Сібірде шорлар деп аталатын түркі тілдес байырғы шағын халық тұрады. Саны 16 мыңға да жетпейтін олардың көбі Кемеров облысында тұрады. Ол жерді Таулы Шория деп атайды. Қазір ана тілінде шамамен алты мыңдай шор ғана сөйлейді. Нақтырақ айтқанда, көбі шор тілінде "сөйлей алмайды, бірақ мағынасын түсінеді". Ғалымдар бұл тілді жойылып бара жатқан тіл деп санайды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы сәуір айында "2025 жылға дейін Қазақстан латын әліпбиіне көшуі тиіс" деп мәлімдеген болатын. Осы мәлімдемеден кейін парламентте латын нұсқасындағы қазақ әліпбиінің екі нұсқасы ұсынылып, арты пікір-таласқа айналды. Азаттық 2017 жылдың маңызды оқиғаларының бірі ретінде жаңа әліпби мәселесіне шолу жасады.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының зерттеушілері латын қаріпті қазақ әліпбиін ендіру науқанына бола ғылыми мекемені өзге министрлікке ауыстыру туралы ұсыныс түскеніне алаң. Жауапты министрліктер бұл мәліметті растаса да, әлі шешім қабылданбағанын айтады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиінің латын графикасындағы жаңа нұсқасын бекітті. Қазақ тіліне тән дыбыстар апострофпен белгіленген нұсқаны сынап жатқандар да, ол әлі өзгереді деп үміттенетіндер де бар. Азаттық пікірін білген кей тіл мамандары жаңа әліпби асығыс қабылданды деп санайды.
Тағы