Ресейде ұлтшылдар қозғалысы жетекшілерінің бірі Александр Белов-Поткинді «Қазақстан билігін құлатуға тырысты» деген айыппен сотқа тартып жатыр.
Франция соты Мұхтар Әблязовты үй қамағына босатудан бас тартты. Адвокаттары «оны экстрадициялау ісі бойынша Францияда қамауда ұстау мерзімі тым ұзаққа созылып кетті» деп мәлімдейді.
Құқық қорғаушылар Литваны бұрынғы банкир әрі қуғындағы оппозиционер Мұхтар Әблязовтің туысы Сырым Шалабаевты Қазақстанға бермеуге шақырады.
Оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялауды Франция үкіметі қолдап отыр. Оның адвокаттары әлі шағымдануға мүмкіндік бар екенін айтады.
«Қазақстан конституциялық құрылымын өзгертпек болған» Ресей ұлтшылы Поткин ісінің тергеуі аяқталды. Істе Қазақстан белсенділері де аталады. Ал олар «қатысымыз жоқ» дейді.
Өткен демалыс күндері бірнеше азаматтық белсендіні ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) шақыртқан. Олардың кейбірі тергеуге Ресейдің ФСБ қызметкерлері қатысқанын айтады.
«Ашық диалог» құқық қорғау ұйымы «Мұхтар Әблязовтің ісін тергеуде Украина мен Қазақстан бас прокуратуралары арасында коррупциялық байланыс бар» деп мәлімдейді. Ресми ведомстволар мұны терістейді.
Франция соты қазақстандық олигарх әрі қуғындағы оппозиционер Мұхтар Әблязовті Ресейге беруді мақұлдады. Британ баспасөзі «Лондонда зәулім сарайдың қожайыны» деген күдіктерді қайта қозғай бастады.
Францияның кассациялық соты қазақстандық оппозициялық саясаткер, экс-банкир Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы Лион сотының шешімін күшінде қалдырды.
Мадрид түрмесінен босаған қазақстандық саяси эмигрант Мұратбек Кетебаев Азаттық тілшісіне қамаудағы 20 күнін қалай өткізгенін әңгімелеп әрі экстрадициялау ісіне қатысты болжамын айтты.
БТА банк ісі бойынша Ресейде ұсталып, Қазақстанға жеткізілген Вероника Ефимова жайлы бас прокуратураның жауабында тұтқынның медициналық тексеруден өткені айтылған.
2014 жылы елде саяси-әлеуметтік сипаттағы наразылықтар көп болды. Қарсылық шарасына қатысқан азаматтарды полиция тұтқындап, сот әкімшілік жазаға тартып отырды.
Тағы