Шаңырақ ісі бойынша ұзақ мерзімге сотталып, жазасын өтеп шыққан Ерғанат Тараншиев терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты адамдар тізімінен" шыға алмай жүр. Соның кесірінен құқықтары шектелген, тиісті жалақысын да толық ала алмайды. Билік орындары оның өтінішін орындауды созып келеді.