Арон Атабектің әлеуметтік желіде жариялаған тіз киімшең ғана тұрған суреті көрген адамды бей-жай қалдырмады. Көпшілік ақынды "нацистік концлагерь тұтқыны кейпіне жеткізген" билікті сынады. Ал суретті "әдепке жатпайтын, ұят" санайтындар оны жариялағаны үшін диссиденттің туыстарын айыптап жатыр.
Азаттық бірнеше күн бұрын билік Павлодар түрмесінен шығарып, Алматыға жеткізген диссидент Арон Атабектен сұхбат алды. 15 жыл қамауда отырған ақынның қазіргі жағдайы қалай? Ол неге өзінің түрмеден босап шыққанын "алдау" деп санайды?
Павлодар түрмесінде отырған диссидент Арон Атабектің ауруханада жатқанын құқық қорғаушылар хабарлады. Билік тұтқынның хал-жағдайы жайлы ештеңе айтпай отыр. 68 жастағы дімкес ақынды босатуды сұраған 2,5 мыңнан астам адам қол қойған хат жуырда Қазақстан президентіне жолданған. Әзірге жауап жоқ.
Полиция өкілі қаза тауып, ондаған адам жараланған Шаңырақ оқиғасына 15 жыл толды. Билік даулы жер мен үйлерді жұртқа заңдастырып берді. Бұл іс бойынша сотталған екі адам әлі түрмеде Оның бірі – 68 жастағы Арон Атабек өзін кінәсіз санайды. Билік ақынды босатуды сұраған көптің өтінішін елемей отыр.
Ресейдің ПЭН-Москва және "Свободное слово" ассоциациясы құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігінен ақын әрі диссидент Арон Атабекті қамаудан босатуды сұраған қазақстандық ақын-жазушылардың үндеуіне қолдау білдірді. Ресми Нұр-Сұлтан әзірге үнсіз отыр.
Түрмеде отырғанына 15 жыл болған ақын әрі диссидент Арон Атабектің жағдайы туралы ақпарат қайшылыққа толы. Түрме әкімшілігінің тұтқынның "дені сау" деген сөзін құқық қорғаушылар "бас қатыру" деп атап, билікті Атабекті босатуға үндеді.
Нұрсұлтан Назарбаевты өмір бойы сынаған диссидент Кәрішал Асанов осыдан бес жыл бұрын өмірден озды. СССР кезінде билікті сынағаны үшін қудаланған Асанов постсоветтік Қазақстанда «президенттің абыройы мен беделіне нұқсан келтірді» деген айыппен екі рет жауапқа тартылды.
Алматыдағы "Шаңырақ оқиғасынан" бері 13 жыл өтсе де, осы іс бойынша ұзақ мерзімге сотталған Арон Атабек пен Құрманғазы Өтегенов әлі де түрмеден шықпады. Екеуі де қазір Павлодардағы уақытша қамау абақтысында отыр.
“Шаңырақ ісі” бойынша 16 жыл түрме жазасына кесілген Құрманғазы Өтегенов шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу мүмкіндігіне байланысты құқықтық көмекке зәру.
Павлодардағы тергеу изоляторында жатқан диссидент Арон Атабекпен кездескен құқық қорғаушы Елена Семенованың айтуынша, тұтқын "ақпаратқа зәру". Оның хаттары жолдаған жеріне жетпейді, өзіне хат келмейді.
Белсенділер ұзақ мерзімге сотталған диссидент Арон Атабекке жылы киім-кешек жібере алмай жүр. Мұны растаған колония басшысы қамау шарты бойынша Атабектің сәлемдеме алуына тыйым салынғанын айтты.
Тағы