Украиналық ақын Владимир Сосюраның әйелі Мария ерінің төңірегіндегі жағдай туралы сөз тасып, құпия хаттар жазып отырған; оның таныстары мен танымал украин әдебиетшілері тұрған "Ролит" үйіндегі тұрғындардың не айтып, не қойғанын – бәрін жеткізген.
Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мұраларын ақтау процесінің басталғанына биыл отыз жыл толады. Зерттеушілер саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үрдісі Мәскеуде басталғанына қарамастан Қазақстанда оған байланысты айтыс-тартыс көп болғанын айтады.
Ресейдің Новосибирск қаласының іргесіндегі Искитим ауданындағы Ложок кентіндегі жұрт шипалы бұлақ деп атайтын бұлаққа қазір бүкіл Сібірден адамдар барып жатыр. Ал 70 жыл бұрын, 1932-1955 жылдары бұл жерде сталиндік ГУЛАГ-тың ең қорқынышты лагерьлерінің бірі болған еді. Оны №4 жеке лагерь пункті (ОЛП-4) деп атаған.
AzattyqLIVE "Үлкен террор" кезіндегі Қазақстан, одан бергі кезеңдегі репрессия тарихының зерттелуі туралы тарихшы, профессор Хангелді Әбжановпен талқылады.
Петропавлда құрылыс жұмыстары кезінде табылған адам сүйектері бір ғасыр бұрынғы тарихи оқиғаларды еске салды. Жергілікті кей мамандар азамат соғысы жылдары қаза тапқан чех легионерлері осында жерленген болуы мүмкін деген болжам айтады.
Жылда мамырдың соңында Қазақстанда бұрынғы ГУЛАГ лагерьлері болған кей орындарда сталиндік репрессия құрбандарын еске алу шараларын өткізеді. Бірақ тарихтың бұл кезеңін терең зерттеумен кәсіби мамандардың кейбірі ғана айналысады, ал азаматтық қоғамда бұл тақырыпқа шетелде көбірек ықылас бөлетін тәрізді.
Қостанай облысы әкімшілігінің бұрынғы басшысы және бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Балташ Тұрсымбаев 1990 жылдары Қазақстанда орталық пен аймақтар саясатта қандай тәсілдер қолданғаны туралы айтып берді.
Вена түрмесінде өлген Рахат Әлиев Лондондағы Бейкер стриттегі әйгілі үйдің иесі болуы мүмкін.
19 жыл бұрын Алматыда электр қуаты мен жылу тарифтерінің қымбаттауына қарсы бірнеше мың адам қатысқан наразылық акциясын ұйымдастырған белсенді cол кезде азаматтық белсенділіктің «екпіні күшті» болғанын айтады.
Сібірдегі саяси репрессиялар мұражайында сталиндік ГУЛАГ тұтқындарының жазған хаттарына арналған ерекше көрме өтті. Ол тұтқындардың көбінен қалған жалғыз белгі де осы хаттар ғана.
«Қазақстанда сталинизм зерттелмейтін тақырыпқа айналып, билік пен элита Украина дағдарысына енжар қарап отыр» дейді «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары Бейбіт Қойшыбаев Азаттыққа.
Алматыда тұратын Қырым татарлары 1944 жылғы депортация құрбандарын еске алды. Қырымдағы жағдайға «жүректері ауыратынын» айтқан диаспора өкілдері оған саяси баға беруден қашқақтайды.
Тағы