Ресейдің Новосибирск қаласының іргесіндегі Искитим ауданындағы Ложок кентіндегі жұрт шипалы бұлақ деп атайтын бұлаққа қазір бүкіл Сібірден адамдар барып жатыр. Ал 70 жыл бұрын, 1932-1955 жылдары бұл жерде сталиндік ГУЛАГ-тың ең қорқынышты лагерьлерінің бірі болған еді. Оны №4 жеке лагерь пункті (ОЛП-4) деп атаған.