80 жыл бұрын Совет өкіметі қарашай, шешен, ингуш және балқар халықтарын неміс нацистерімен ауыз жаласты деп айыптап, Солтүстік Кавказдан депортациялады. Қазақстанда тұрып жатқан олардың ұрпақтары атамекенін және аштықтан әрең аман қалған ата-баба тарихын жадында сақтаған.
20-ғасырдың 20-50-ші жылдары советтік саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды толық ақтау үшін құрылған мемлекеттік комиссия жұмысы былтыр желтоқсанда аяқталған. Комиссия 311 мың саяси құрбанды ақтап, 72 томдық кітап шығарды. 6 миллионнан астам құжат пен материал зерделеніп, құпия белгісі алынып тасталды.
Қазақстан оппозициясындағы ықпалды тұлға Алтынбек Сәрсенбайұлы екі көмекшісімен бірге тура 18 жыл бұрын оққа ұшты. Тергеу жүрді, сот өтті. Бірақ қылмыстың құпиясы әлі толық ашылған жоқ. Азаттық бұған дейін осы тақырыпта бірнеше материал жариялаған. Бұл да көп сұраққа жауап іздеген кезекті ұмтылыс.
Совет өкіметі қанша құдіретті болғанымен, пропагандасы ондаған жыл бойы тынбай жұмыс істесе де өз халқының Батыс радиоларын, соның ішінде Азаттық радиосын да тыңдауын тоқтата алмады. Азаттықты қаралау Совет одағы тараған соң тоқтағандай болған, бірақ авторитаризм күшейгенде қайта қылаң берді.
Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың үш томдық академиялық жинағы Совет одағы құлаған соң 32 жылдан кейін ғана жарыққа шықты. Ақын неге басқалардан кеш ақталды деген сұраққа оның көзін көрген, туысы болғаны үшін қуғындалған адамдардың Азаттық қорында сақталған естеліктерін келтіре отырып жауап іздедік.
1931 жылғы 2 қазанда совет билігі тергеусіз, сотсыз атып өлтірген ақын Шәкерім қажы Құдайбердіұлы 1958 жылы ақталған. Бірақ оның ақталуы тосқауылға тап болды. Бұл үрдіс 30 жылға созылды. Азаттық радиосы 50 жыл бұрынғы бір хабарында Шәкерім жайлы, оның шығармалары қолжазба күйінде тарағанын айтады.
Қазақстан алғаш рет 1992 жылғы 31 мамырда совет кезіндегі Ашаршылық құрбандарын қоғам болып аза тұтты. Бірақ еске алу шарасына президент Назарбаев қатыспады. Билік неге бар кінәні Сталинге артып, тұтас жүйеге саяси баға беруден жалтарды? "Азаттық радиосына 70 жыл" аудиоподкасын тыңдаңыз.
Ресейдің Иркутск және Пермь облыстарында 1930 жылдары атылған Литва және Польша азаматтарына орнатылған ескерткіштерді сүріп тастаған. Бұл ескерткіштер Пивовариха селосы маңында репрессия құрбандары жаппай көмілген жерде тұрған еді. Сталин билігі тұсында бұл жерде НКВД-нің арнайы аймағы болған.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннің ертесіне Алматының бас алаңында елдің алдында сөйлегендердің көбі Желтоқсан оқиғасынан гөрі тәуелсіздік пен президент Назарбаев туралы көбірек айтып, құттықтау тілек білдірген. Азаттық радиосы сол кезде жиын туралы бірнеше бөлімнен тұратын хабар әзірлеген.
Тағы