Украиналық инженердің фотосуреттері совет заманының ащы шындығын көрсетеді
Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың жеке қоры мамырдың 31-інде Қазақстанда атап өтілетін сталиндік репрессия құрбандарын еске алу күніне орай ашаршылық туралы Сара Камеронның қазақ жеріндегі ашаршылық туралы еңбегін қазақ тілінде басып шығарды.
2005 жылы 13 мамыр күні Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы наразылық басып-жаншылды. Ресми мәліметке қарағанда, 187 адам қаза тапқан. Биыл бұл қырғынға 15 жыл толды.
Наурыздың 19-ы күні "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шықты. Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған Жәкішевті Семейдегі колония қақпасы алдында елдің әр аймағынан келген ондаған белсенді қарсы алды.
Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп атайтын Мұхтар Жәкішевтің шартты жазамен мерзімінен ерте қамаудан босатуды сұрап жазған үшінші өтінішін сот қанағаттандырды. Прокурор он жылдан астам уақыт бойы түрмеде отырған тұтқынды босатуға қарсы болды.
31 жыл бұрын Совет одағы Ауғанстаннан шектеулі контингентін шығарды. 1979 жылы ауған билеушісі Хафизулла Әминнің резиденциясына шабуыл жасаудан басталған он жылдық соғыс осылай аяқталды. Тәж-Бек сарайын басып алу мақсатындағы құпия операцияға СССР билігі "мұсылман батальонын" пайдаланған.
Сталин билігі тұсында Сібірден Ақтөбеге жер аударылып, кейін "халық жауы" ретінде атылған Иван Завадовскийдің фотосуреттері мен құжаттары шөбересінің қолына тиді. Ұрпағы бабасының тағдыры отбасына 90 жыл бойы беймәлім болғанын айтады.
Сарапшылар 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстанның тұңғыш Конституциясы "демократия қағидаларына жақын болды" деп санайды. Онда "Президент референдум жайлы шешімді Жоғарғы кеңеспен ақылдасып қабылдайды" деп жазылғанымен, 1995 жылы жаңа Конституция қабылданғанда Жоғарғы кеңес болған жоқ.
1979 жылы желтоқсан айының басында Совет одағының билігі Ауғанстан басшысы Хафизулла Амин АҚШ арнаулы қызметімен әріптестік орнатқан деп күдіктеніп, оның көзін жою туралы шешім қабылдады.
33 жыл бұрын Қазақстанға бейтаныс адамды басшы етіп тағайындаған Мәскеудің шешіміне қарсы шыққан қазақ жастары билікке үнін бейбіт шеру арқылы жеткізугбүгіне талпынды. Бірақ олардың үміті ақталмады. Сол кездегі жұмысшы және студенттер Азаттыққа естеліктері жайлы айтып берді.
"Егемен Қазақстан" газетінің мерейтойы қарсаңында "Жүз жылдың ішінде қазақтың жоғын жоқтап, мемлекеттің сөзін сөйлеп, елдің мəселесін айтқан бірден-бір газетке айналды" деп құттықтаушылар көбейді. Бұл пікірмен келіспейтіндер "совет қуғын-сүргініне үлес қосқанын да ұмытпау керек" деп санайды.
Архангельск қаласында 1920-1930 жылдары атылған қуғын-сүргін құрбандарына арналған жаңартылған мемориал ашылды. Бастамашыл топ өз қаржысына ескі зиратты екі жылға жуық уақыт жөндеп, қалпына келтірген.
Тағы