Тоғыз жылдан бері түрмеде отырған "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті мамандар үшінші топтағы мүгедек деген таныған. Бұл соңғы жылдары тұтқынның созылмалы дерті асқынған деп келген құқық қорғаушылар мен белсенділердің сөзін биліктің ресми мойындауы іспетті болып отыр.
Қазақстанда "Шаңырақ ісі" бойынша сотталған Рүстем Тұяқов түрмеден босап шықты. 2007 жылы күзде Алматы соты оны 14 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Кинорежиссерлер ашаршылық жайлы фильм түсіргенде қырғын мәселесі шығатынын, ал Қазақстан билігі Ресейге ұнамайтын тақырыптан тартынатынын айтады.
Қазақстан мәжілісі бір аптаның ішінде екі рет оқылым өткізіп, Қауіпсіздік кеңесі туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатта Қауіпсіздік кеңесінің мәртебесін арттырып, елдің тұңғыш президентіне бұл органды өмір бойы басқару құқығын беру қарастырылған. Кей сарапшылар заң жобасы - билікті бір қолға «әлі де көбірек» шоғырландыруға тырысу деп санаса, енді біреулері бұл – "президент өкілеттігін қайта бөлу" деп мәлімдейді.
Екі жыл бұрын Қазақстан аймақтарында "жер митингілері" өтті. Мыңдаған адам қатысқан ең ірі митинг 2016 жылғы сәуірде елдің батысындағы Атырау қаласында болды. Бұл наразылық акциясы 1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасынан кейінгі ең ауқымды акцияға айналды. Бірақ елде наразылық белсенділік деңгейі жоғары деуге келмейді. Азаттық сарапшылардан қазақстандықтар 1991 жылдан бері не үшін наразылық білдірген еді және қазір наразылық деңгейі неге төмендеп кеткенін талдап беруді сұраған еді.
Ресейде жақында баспадан жарық көрген "Енисей немістері. Отбасылық тарих" ("Енисейские немцы. Семейные истории") кітабына Красноярск өлкесіне депортацияланған немістерден алынған 40 сұхбат енген. 2003-2007 жылдары олардың әңгімесін өлкенің шалғай ауылдарына арнайы экспедициямен барған Енисей педагогикалық колледжі студенттері жазып алған.
Астананың қолы жетпейтін жерде тұрып жатқан бұрынғы қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтің билік қалыптастырған "жау" бейнесінің сипаты кейінгі кезде өзгеріп барады. Билік бұған дейін экономикалық қылмыс жасады деп айыппен сырттай соттаған Әблязовті енді "адам өлтіруге тапсырыс беруші" ретінде және экстремизмге қатысты айыптап жатыр.
1988 жылы Қазақстан алғаш рет Наурыз мерекесін ресми атап өтті. Түрлі естеліктерге қарағанда, бұрын тыйым салынған мерекені қалпына келтіру жөніндегі қоғамдық бастамаларды алғаш рет Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков қолдаған.
Анасы, халықаралық құқық қорғау ұйымдары және қазақстандық жұртшылық өкілдері "Қазатомпромның" түрмеде отырған экс-президенті Мұхтар Жәкішевке рақымшылық жасауды сұрайды. Билік рақымшылық жасау үшін президенттің атына Жәкішевтің өзі өтініш жазуы тиіс деп санайды.
Тағы