Биліктегі "Нұр Отан" партиясы парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарда депутат болуға лайықтыларды таңдайтын ішкі іріктеу – праймериз бастайды. Бұл науқанды "көзбояушылық" деп санайтындар да, оны "партиядағы жақсы өзгерістің нышаны" дейтіндер де бар.
Қазақстан парламентінің мәжілісі коронавирус карантині кезінде конституциялық бірнеше заңға өзгерістер енгізуді мақұлдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен "Сайлау туралы" заң және "Саяси партиялар туралы" заңның кейбір бабы жаңартылды.
Қазақстан прокуратурасы "заңсыз митингіге" шықпауды ескертті. Сот тыйым салған оппозициялық қозғалыс пен тіркелмеген партия белсенділері ақпанның 22-і күні екі бөлек шеру өткізетінін айтқан. Шеру өтпей жатып билік ондаған белсендіні ұстап, кейбіреуін бірнеше тәулікке қамады.
Қазақстанда соңғы күндері жиырмадан аса белсенді түрлі айыппен ұсталып, жазаға тартылды. Құқық қорғаушылар мұны алдағы сенбіге жоспарланған наразылық шарасына "биліктің дайындығына" балайды. Бұған қоса әлі тіркелмеген Демпартия белсенділері құрылтай съезі алдында өздеріне кедергі көбейгенін айтады.
Ерте президент сайлауынан соң қоғам белсенділерінің саяси партия құруға ынтасы күшейгені байқалды. Олар "саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін" бағдарлама жасағанын айтады. Ал Қазақстанда қызметіне тыйым салынған қозғалысты қолдайтын саясаткер партия құрғысы келетіндердің жоспарына күмәнмен қарайды.
«Нұр Отан» партиясы «жалған ақпарат таратып, іскерлік беделіне нұқсан келтірген» үш белсендіден 20 миллион теңге моральдық шығын талап етті. Белсенділер айыпты жоққа шығарып, «әуреге түспей шағымды қайтарып алуды» сұрады.
ОСК жеті адамды Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеді. Әу баста кезектен тыс президент сайлауына тоғыз үміткер ұсынылған еді.
AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қазақстанда биыл 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауын, саяси науқанның әділ өту шарттарын, ұсынылған үміткерлер мүмкіндігі талқыланды. Хабар қонағы - саясаттанушы Айдос Сарым.
"Нұр Отан" партиясы лидері Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті сайлауына билік партиясынан кандидат ретінде ұсынды. Елді отыз жылға жуық басқарған Назарбаев өткен айда президенттік өкілетін тоқтатқан соң орнына Тоқаевты қалдырған.
Сайлау кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа қоғамдық қолдау көрсету үшін құрылған штаб қайтіп Қазақстанның саяси өміріне монополия орнатқан "билік партиясына" айналды?
Алматыда бір топ белсенді "Жаңа Қазақстан форумы" қоғамдық ұйымы құрылғанын жариялады. Олар "Қазақстан билігімен диалог құру жолын таңдайтынын" мәлімдеді. Бұл ұйымға "билік тапсырмасымен құрылған болуы мүмкін" деп күдікпен қарайтындар да бар.
Брюссельде Қазақстанның бір топ саясаткері мен азаматтық белсендісі "Жаңа Қазақстан" атты форум өткізіп жатыр. Азаттық тілшісі осы жиынды ұйымдастырушы, шетте тұратын бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдинмен сұхбаттасты.
Тағы