Бейсенбі күні Алматыда 4-ші Еуразиялық медиа форум жұмысын бастады. Оған 35 елден келген 300-ге жуық делегат, соның ішінде халықаралық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, белгілі саясаткерлер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік елшіліктердің өкілдері қатысып отыр.