Қайыршы, кезбе балалар - Қазақстан қоғамындағы өзекті проблеманың бірі болып қалып отыр.
Сәуірдің 19-ы, сейсенбі күні кешке қарай, жақында жерлеу рәсімі өткен Рим папасы Иоанн Павел ІІ-нің орнына Германиялық кардинал Йозеф Ратциңгер католик дінінің кезекті, Рим шіркеуінің тарихындағы 265-ші жетекшісі болып сайланды.
Сәрсенбі күні басылымдарда Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік қызметі экс-президент Асқар Ақаевтың күйеу баласы, Қазақстан азаматы Әділ Тойғанбаевқа қарсы қылмыстық іс қозғағаны жайлы, ал Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның ұйымдастыруымен Алматыда Еуразиялық медиа-форум басталатыны хабарланыпты.
Мәскеу Сібірдегі үш облыс-аймақтың өзара қосылуын қуана қолдады. Красноярск өлкесі, Таймыр және Эвенкия автономиялық аймағының бірігуі – Кремльдің елдегі қазіргі 89 облыс-аймақты бір-біріне қосып, шамамен 40 немесе 50-ге дейін қысқарту арқылы бүкіл мемлекеттік билікті бір орталыққа шоғырландыру мүддесіне сай келеді.
Дүйсенбіде Ташкентте 20 адамға қарсы террор мен экстремизм айыбы бойынша сот ісі басталды. Билік былтыр Ташкент пен Бұхарада 47 адамның өмірін қиған жарылыстарға осылардың қатысы бар дейді. Адам құқын қорғаушылар бұл сот процесі бейбіт мұсылмандарға қарсы өзбек үкіметінің ұйымдастырған науқаны деген пікір айтады.
Атасу-Алашанькоу бағытындағы мұнай құбырын төсеп жатқан 150-ге тарта жұмысшы сәуірдің 19-ы күні, жұмысқа шығудан бас тартқан. Құбырларды дәнекерлеуші Ғинаят Құлиевтің Азаттық радиосына айтуынша, оған құрылыстың бас мердігері «Қазстройсервис» кәсіпорының жұмысшыларды қарыз етіп қойғаны себеп болған.
Әзірбайжанда осы жақын уақыттың өзінде алдағы қараша айында болатын парламент сайлауында жеңіске жетуді мақсат тұтқан бірқатар үкіметке қарсы коалициялар пайда болды. Бұрын оппозиция саяси ықпал ете алатындай күштерге мерзімінде біріге алмай келген еді.
«Жас Қанат» республикалық байқауының, «Азия дауысы» және «Астана» халықаралық конкурстарының бас продюссері Мұрат Ерғалиев алдағы жылы «Жас Қанат» байқауының Астанада өтетініне күмәнді. Себебі, «Астана» халықаралық конкурсын биылғы жоспардан түрлі сылтаумен алып тастады деп түсіндіреді Ерғалиев.
Қазақстан үкіметі Арқалық қаласын дамыту жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Онда Арқалық өз мәртебесін сақтап қалуы үшін жергілікті әлеуеті бар екендігі айтылды. Саясатшылар мен экономистер Арқалықтай әлеуеті бар Жезқазған, Семей қалаларының да қайта түлеуіне, облыс орталығы болуына негіз бар деп есептейді.
Сейсенбі күні жарық көрген басылымдарда оппозиция тақырыбы сөз болыпты. Алматыда Қазақстан журналистер конгресі форумының өткендігі де мерзімді басылымдардың баса назар аударған тақырыбына айналып отыр.
Он екі миллион теңге қаржы жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, ал, балалар үйлерінде тәрбиеленуші жетім балалар арнайы демалыс лагерьлерінде жазғы демалыстарын өткізуге жұмсалмақ.
Сәуірдің 17-сі кешкісін Астанадағы Чехов көшесіндегі екі қабатты 28 пәтерлі тұрғын үйде оқыс жағдай болды. Кіреберістегі баспалдақ жабындысының бір плитасы құлаған соң үйдің төбесі опырылып кеткен. Ондағы 115 тұрғынның 20-сы уақытша 12-ші мектептің спорт залына орналасқан.
Тағы