Ақтөбеде анау-мынау мерекеден еш кем түспейтін ас беру рәсімі сәнге айналып барады. Жоқшылық қысқан қарт адамдар «ас беріледі» деген хабарды аңдып жүріп, аш қарынды жұбатып, қалған асты салып әкетуге тырысады.
Орал қалалық әкімшілік соты президент Назарбаевтың өкілетін ұзарту туралы референдум өткізуге қарсылық білдіргендердің бірі, «Уральская неделя» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедияровқа қатысты үкім шығарды.
Оралда президент өкілетін ұзартуға қарсы шыққандарға сот үкім шығарып үлгірді. Ал оппозиция өкілдері президент Назарбаевтың жарлығына қарамастан «Ақорданың сценариі бойынша» референдумның бәрібір өтетіне сенімді.
Бейсенбі күні Оралда бірнеше адам Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту туралы референдум өткізуге қарсылық білдіріп, алаңға шықты. Оларды полиция ұстап әкетті.
Қыстың көзі қырауда Шығыс Қазақстан облысына қарасты бірнеше ауыл тұрғындары су астында қаламыз ба деп қауіптеніп отыр. Қаңтардың бірінен бастап жүрген қызыл су қазір оншақты үйдің қора-жайын басты.
Батыс Қазақстан облысындағы шалғай ауылда дүниеге келген Азиаданың ата-анасы оның туу туралы куәлігін асыға күтіп жүр. Өйткені шектеулі мерзім біткенше құжат тапсырып үлгермесек, сәбиге берілетін біржолғы жәрдемақыдан қағыламыз ба деп қорқады.
Алматы облысының тұрғыны Дәурен Кенжебеков арада 17 жыл өткеннен кейін материалдық және моральдық шығынын өтеу жөнінде қорғаныс министрлігін сотқа беріп, жеңіп шықты. Ол әскерде жүргенде басқа бір жауынгердің қолынан ауыр жарақат алған болатын.
Ақтөбе облысында жаңа туған балаға шетел сериалдары кейіпкерлерінің атын қоюға құмар жұрт әлі де бар. Бірақ ата-аналар қазір мұсылман есімдерін көбірек таңдайтын болды. Ұлға қоятын саяси есімдердің арасындағы танымалы – Нұрсұлтан болып тұр.
Қос зейнеткер Талдықорған қаласының іргесіндегі саяжайларынан тасқа қашалған суреттер тауып алды. Мамандар бұл жерді мемлекет қорғауына алынған тарихи ескерткіштер тізіміне қосуды сұрамақшы.
Қызылорда облысы Арал ауданында тұратын халық негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Халықтың қазіргі күн көрісі сауда-cаттық қана болып отыр. Жұмыссыздық тауқыметін тартқан жастар келешегі бұлыңғыр.
Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының тұрғындары көктемде тасқын судан қырылған барлық малға өтемақы төлеуді сұрап отыр. Жергілікті билік мұндай талапты негізсіз деп санайды.
Қарағандының орталығындағы Ленин ескертікішінің көшірілуіне қарсылық білдірген Александр Бондаренко психиатриялық диспансерге жатып шыққан. Жәбірленуші жақ бұл биліктің шарасы десе, медициналық мекемедегілер заң бұзбағандықтарын мәлімдеп отыр.
Тағы