Белсенділердің адам құқықтары туралы презентациялар мен қарапайым азаматтарға кеңес беру шарасын өткізуден жалға алынған ғимарат иесі соңғы сәтте бас тартқан.
Жаңаөзен оқиғасының екі жылдығы қарсаңында қаладағы әскери қалашықтың құрылысы аяқталуға жақындап, қарулы күштер қатарына шақырылғандардың алғашқы легі қабылданды.
Аймақ мектептерінің бірінде бірнеше жыл бұрын болған ақша бопсалау оқиғасының осы айда жарияланған видеосы бұл мәселенің жаңаша талқылануына себеп болды.
Психиатриялық ауруханаға тағы да күштеп қамалу қаупінен қорыққан балқаштық адвокат Зинаида Мухортова Қазақстаннан кетіп қалды. Оның қайда екені белгісіз.
Ресейлік «Отандастар» бағдарламасына ілініп, сол елге көшкісі келетін қазақстандықтар құжат тапсырудың әуресі көп екеніне наразы.
Жаңаөзенде астан улану салдарынан екі жұмысшы қайтыс болды. Әзірге улану себептері жайлы нақты айтылмайды.
Туыстары Ақтөбеде 23 қараша күні қамалған 70 адамның көбі дін жолын ұстайтынын айтады. Полиция өкілі бұл оқиғаны бұзақылықпен байланыстырады.
«Сириядағы қазақтар» жайлы хабардан кейін ҚМДБ «өзге бағытта жүргендерді Ханафи мазхабына оралтқандарын» айта бастады. Бірақ кей тұрғындар мұндай істі «дін бостандығын шектеу» дейді.
Қарашаның 21-і күні Лондонға барған сапарында сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «қазақстандық жиһадшыларды» елге қайтаруға күш салып жатқанын мәлімдеді.
Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов «болашағы жоқ ауылдарға» бюджеттен қаржы бөлінбейтінін мәлімдеді. Азаттық бұл мәселенің егжей-тегжейін маманнан сұрап білді.
Алматы мен Шымкентте айға жуық аштық жариялап отырғандардың көбі денсаулығы нашарлап, акцияны доғарып жатыр. «Билік аштықты тоқтатуды сұрайды, мәселені шешуді айтпайды» дейді олар.
Ақтөбенің Темір ауданынан «Сирияға кетті» делінген адамдардың алтауының аты-жөні белгілі болды. Туыстары олардың да «Египетте дін оқып жатқанын» айтады.
Тағы