Ақтөбелік БАҚ «Сирияда соғысып жүр» деп сипаттаған адамдардың туыстары «балаларымыз Египетте діни білім алып жатыр» дейді. Билік өкілі оларды Қазақстанда дін оқуға шақырды.
Ақтөбедегі түрме жанында бірнеше күн бойы жиналып, наразылық танытқан адамдарға әкімшілік шара қолданылды. Олар «полицияға бағынбады» деп айыпталды.
КА-168/2 түрмесінде жазасын өтеушілердің туыстары «абақтыдағыларды сабап жатыр» деп, қарашаның 8-інен бері сол маңда жүр. Ал департамент бұл хабарды «арандату» деп атайды.
Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков парламент депутаттары алдында «Қазақстан алғаш рет сиыр етін Ресей аймақтарына экспорттай бастады» деп мәлімдеді. Тұтынушылар ет бағасы шетелдік бәсекелестер есебінен арзандағанын айтады.
Петропавлде мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатына себеп болған полиция полковнигі жұмыстан босатылды.
Қарағандыда регрессник Борис Рахметовті жерлеу рәсімі өтті. «АрселорМиттал Теміртау» кеңсесінде шыққан өрттен зардап шегіп, клиникада қайтыс болған оның өлімінің себебі әлі анық емес.
Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында және Кеңгір ауылында тұратын он шақты ата-ана Азаттық тілшісіне шетке кетіп оралмаған балаларының жайын айтып алаң білдірді. Тілші «Сириядан тірі оралғандардың» да туыстарымен кездесті.
Қызылорда қаласындағы көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары ауыз су мен канализацияның жоқтығына наразы. Қала әкімдігі биыл да жөндеуге ақша бөлінбегенін айтады.
Теміртау, Балқаш пен Екібастұздағы химиялық қалдықтармен ластанған жердің экологиясын тәуелсіз тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ экологтарға барлық жерден сынама алуға рұқсат етпеді.
Азаттық «Сириядағы жиһадшы топ» ретінде видеоға түскен қазақтардың тағы бірінің кім екенін анықтады. Видеоға қатысты көбейе түскен сауалдарға арнайы қызметтердің толық жауабы жоқ.
«Арселор Миттал Теміртау» кеңсесінде өткен наразылық акциясы кезінде «өрт шығарған» жұмысшыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әріптестері жергілікті биліктен оған араша түсуді сұрайды.
Ақтөбеде троллейбустардың көрінбей кеткеніне бірнеше ай болды. «Табысынан гөрі шығыны көп көлікті» қала әкімдігі автобуспен алмастырмақ.
Тағы