Алматы облысы Ескелді ауданының үкім жарияланғаннан кейін денесін кескілеп тастаған тұрғынының денсаулығына төнген қатер жоғы хабарланды. Жуырда оны тергеу абақтысына ауыстырмақ.
Таразда Қазақ хандығы мерейтойы кезінде «Көне Тараз» мұражайы ашылды. Онда археологиялық жұмыс жүргізген мамандар күніне 12 сағат еңбек етіп, жерді трактормен де қазғандарын айтады.
Маңғыстау кәсіподақ ұйымы басшыларының кейбірі «қатарымыздын жұмысшылар кетіп жатыр» дейді. Ал кәсіподақ федерациясы бұрынғы төрағасының пікірінше, «елде кәсіподақты қудалау жоқ».
Жұмысшылар белсендісі Әмин Елеусінов қылмыстық қудалау жалғасқанын хабарлады. Ол еңбек кодексі жобасына қарсы шыққасын биліктің өзін «ақша жымқырды» деп айыптай бастағанын айтады.
Мақтаралда мақта теріп жүрген өзбекстандықтар шекарадан заңды түрде өтіп, көші-қон полициясына тіркелгендерін айтады. Ал ресми орындар мақта терімге көрші елден қанша адам келгенін айта алмады.
Каспиймен шектес Маңғыстауда туризмнің дамуына инфрақұрылым - кедергі. Туристер шағымын шенеуніктер де растап, «мұнайлы өңірде жол жоқтығы шетелдіктерді таңғалдырады» дейді.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта егушілер «жұмыс күші аз болғандықтан оқушылар түстен кейін көмектесіп жатқанын» айтса, ресми орындар «бала еңбегін қанауға қарсымыз» дейді.
Маңғыстауда ғылыми зерттеу тобында жұмыс істеген шығыстанушы Азаттыққа берген сұхбатында зиярат орындарындағы жағдай мен оны танымал ету жайлы айтты.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаты, «Елбасыға сөз тигізгені үшін» «Нұр Отаннан» шығарылған Жамбыл Қалауов «ондай сөз жазған емеспін» дейді.
Бүгін Қазақстан мектептерінде білім күні аталып өтіп, алғашқы қоңырау соғылды. Шағын ауылдардағы бастауыш мектептердің арасында бірінші сыныпқа бір бала қабылдаған оқу орындары да бар.
Бір топ жаңаөзендік «апатты жағдайдағы» үйлері құлап кете ме деп алаңдаулы. Қала әкімдігі «жаңа үй салынып жатқанын» айтады. Тұрғындар шағымынан соң Азаттық тілшісі Жаңаөзенге арнайы барып қайтты.
Үкімет әзірлеген еңбек заңы жобасына алаңдаған маңғыстаулық мұнайшылар Астанаға тағы да делегация шығармақ. Ресми орындар жоба халықаралық тәжірибе негізінде дайындалып жатыр дейді.
Тағы