Душанбе Орталық Азиядағы тіркелген жалғыз діни-саяси партия - "Ислам қайта өрлеу партиясының" қызметін тоқтатуға бұйырды.
Маңғыстаудағы Жетібай кентінде бюджет есебінен салынған көпқабатты үйдің тұрғындары кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемейтініне шағым айтады. Аудан әкімдігі «үй күтіміне тұрғындар жауапты» дейді.
Экс-премьер Серік Ахметов пен бұрынғы шенеуніктер ісі бойынша сотта тараптар дауласып қалды. Бұрынғы облыс әкімі Бауыржан Әбдішев айыптау материалындағы кейбір сөздерді түсіндіруді сұрады.
Шымкенттегі жалғызілікті жас аналар паналайтын «Ана үйі» кризистік орталығында кәмелетке толмаған қыздар көбейген. «Олар үйдегі және түздегі зорлық-зомбылықтан қорқады» дейді мамандар.
Қызылордадағы ескі жатақхананы жөндеуге жіберілген адамдар кірпіш әкеліп түсірді. Бірнеше отбасын уақытша өзге жерге көшіру жайлы биліктің ұсынысына тұрғындардың басым көпшілігі келіспейді.
Төбесінен кірпіш құлап, адамдар зардап шеккен соң, Қызылордадағы апатты жағдайдағы жатақхананың ондаған тұрғыны бала-шағасымен аулаға түнеді. Билік ғимаратты жөндеп беруге уәдемен шектелді.
Алматы облысында тұратын екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында берілген уәденің орындалуын талап етеді.
Интернетте 25 шілде күні «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының Қырғызстан азаматтарына арналған «үндеуі» жарияланды.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Садовое ауылында көктемгі су тасқынынан кейін тұруға жарамсыз деп танылған 39 тұрғын үй құлатылған. Зардап шеккендер әлі үйсіз.
Қазақстан әлемде заңсыз сотталғандарды босату ісімен айналысатын Freedom Now халықаралық ұйымына БҰҰ кеңесшісі мәртебесін беруге қарсы шықты
Қарағанды облысында сәуірдегі су тасқынынан қатты зардап шеккен Нұра станциясы тұрғындары күн суытқанға дейін үйлері салынып бітпей қала ма деп уайымдайды.
Алматы облысында субсидия алған кейбір шаруашылықтарды тексеруден соң бес қылмыстық іс қозғалды. Ал фермерлер мемлекет көмегін алудағы бюрократиялық кедергілерге шағым айтады.
Тағы