Оңтүстік Қазақстан тұрғындары баспана мен жұмыстың жоқтығы солтүстік өңірлерге қоныс аударуға себеп екенін айтады. Жергілікті билік бұл проблемаларды халықтың көптігінен көреді.
Аймақтық және республикалық БАҚ-тың көбі жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы Ақтөбе мен Семейде өткен митингілерді айтпауды жөн көрген.
«Ұрлық» бабымен сотталған азаматтың туыстары оны полицейлердің «азаптағанын» айтады. Ал облыстық ішкі істер департаментінің уәжіне қарағанда, «азаптау туралы шағым дәлелденбеген».
Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңа жүздеген адам жиналды. Олардың «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талабын облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ақордаға жеткізуге уәде етті.
Әр гектарға берілетін демеу қаржы тоқтағасын шағын жерде жылыжай ұстайтындар шығын көбейгенін айтады. Үкімет басым бағыттарға инвестициялық субсидия көлемін ұлғайтуға уәде беріп отыр.
Маңғыстаулық Techno Trading LTD жұмысшылары «Нұр Отаннан» «жұмыстағы әділетсіздіктер мен қудалауды» тоқтатуға көмектесуді сұрады.
Бүгін сот Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» ұйымының аймақтық тобы жетекшісі деп болжанған адам мен оның екі серігіне түрме жазасын кесті. Сотталғандардың туыстары үкіммен келіспейді.
Оңтүстік Қазақстанда Сайрам аудандық мәслихат сайлауына түскен Курвонтай Давлетов «сайлау хаттамасы өзгертілгендіктен» жеңілгенін айтады. Оның сөзін сайлау учаскесі төрағасы да растады.
Жазасын өтеп шыққан азаматтар жұрттың өздерінен теріс айналатынын, оған қоса жұмыс пен баспана мәселесі де қинайтынын айтады.
Оңтүстік Қазақстанда округтік сайлау комиссиясының аудандық мәслихат депутаттығына кандидатты сайлаудан шеттетуі тұрғындар наразылығына түрткі болды.
Парламент мәжілісі мен Батыс Қазақстан облыстық және Орал қалалық мәслихат депутаттығына тіркелген кандидаттар тізімінде мәжіліс, мәслихаттардың қазіргі және бұрынғы депутаттары көп. Бұл тізімде кейбірінің балалары да бар.
Сергелдеңге түскен маңғыстаулық оралмандар туралы Азаттықта жарияланған мақаладан соң облыстық әкімдік 150-ден астам оралманның Қазақстан азаматтығын ала алмай жүргенін растады.
Тағы