Теміртауда коммуналдық кәсіпорынның арызы бойынша жергілікті "Теміртау жұмысшысы" газетінің соты болып жатыр. Талапкер "газеттегі мақала кесірінен тұтынушылардың қарызы көбейіп кетті, ал кәсіпорынның іскерлік беделіне нұқсан келді" деп біледі. Жауапкер "сотты газеттің пайдасына шешім шығармай тез бітіре салуы мүмкін" деп қауіптенеді.