Қоғамдық бақылау комиссиясы (ҚБК) жетекшісі Елена Семенова Павлодар облысындағы түрмеге тағы кіре алмады. Жуырда апелляциялық сот үміттендіретін шешім шығарған еді. Бірақ жергілікті қылмыстық-атқару жүйесі өкілдері құқық қорғаушының түрмеге кіру құқығын қайта алатынына күмәнді.
Сарыағаш ауданында бұған дейін бір рет сотталған белсенді сол шағым бойынша қайтадан істі болды. Аудандық прокурордың орынбасары оның мақаласына наразы.
Ағайынды Қожаниязовтар «терроршылар тізіміне кіргізіп жібергені үшін» Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінен 10 миллион теңге талап етті.Ал полиция бұл оқиғаға «түк қатысы жоғын» айтады.
Маңғыстаудағы НСС компаниясы жұмысшылар кәсіподағының ісін заңсыз деп тануды соттан сұрайды. Бұның алдында жұмысшыларды қысқартпақ болғанда дауға ілінген компания енді ұжымдық шарт жасауға шақырған кәсіподақты мойындамай отыр.
Оңтүстікте жеті ауылдың әкімдері пара беріп жатқанда ұсталғаны хабарланды. Жергілікті билік «бұл оқиғаны интернеттен енді ғана білген», ал білгендері рұқсатсыз пікір айта алмайды.
Ақтөбе облыстық драма театры бүгін діни экстремизм тақырыбына арналған қойылымды алғаш рет сахнаға шығарды. Репертуардан тыс жедел дайындалған пьесаны көруге шектеулі топқа шақырту жіберілген.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов 78 жасында дүниеден өтті. Ол 20 жылдан астам билік етіп, саяси ғұмырын көпшілік алдында өткізді.
Ақтөбе соты Хромтау ауданының тұрғынын 4 жыл 8 айға соттады. Тергеу дерегінше, ол Ресейдің Сириядағы әрекетіне наразы болған.
Оңтүстіктен солтүстікте қоныс аударған отбасы тұрмыс жағдайына байланысты ол жаққа тұрақтай алмағанын айтады. Теріскей өңірдегі жергілікті билік олардың субсидия қаржысын қайтаруын талап етеді.
Шымкентте ВИЧ жұқтырған үш жасар баланың анасы «оның ауруын білген балабақша қабылдаудан бас тартты» дейді. Балабақша басшылығы мұны жоққа шығарады.
Шілде айы туысымен Ақтөбе облысындағы ауылдардан ер адамдарды табу қиынға айналады. Ақсақалдар мен сегіз сағаттық жұмысы бар бірен-саран тұрғын болмаса, өзге жұрттың бәрі ала жаздай шабындықтың басында жүреді.
Атырауда сот екі айдан астам уақыттан бері түрмеде отырған азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды тағы бір ай қамауда қалдыруға шешім шығарды. Екеуінің ісін көшпелі сот бүгін тергеу абақтысында қараған.
Тағы