Осы аптада аймақ басылымдары балығы қырылған Жайық өзенінің ахуалын талдаған.
Аймақ баспасөзі Атырауда "Кришна санасы қоғамы" діни ұйымына әкімшілік хаттама толтырылғаны, Оралдағы онкология орталығына қымбатқа сатып алынған ескі аппараттың дауы туралы жазды.
Қарағанды облысы Сарытөбе ауылында есірткіге мен ішімдікке тәуелді жандарды сауықтыратын қоғам 20 жылдан бері пайдаланып келген қонысқа талас басталды. Сот қоғам өкілдерін қолдамады. Билік елдімекен тасқын қаупі бар аймақта орналасқанын алға тартады.
Осы аптада аймақ басылымдары “Нұр Отан” съезі болған күні тек Алматы, Астана ғана емес, басқа қалаларда да бірқатар белсенділер мен азаматтардың ұсталғанын жазды.
Жаңаөзенде жұмыс сұраған тұрғындар әкімдік ұсынған жұмыс орындарына разы емес. Жаңадан өндіріс орнын ашуды талап еткен азаматтар Маңғыстау облысы әкімімен кездескісі келеді. Жергілікті билік тұрғындарға мүмкіндігінше көмектесуге тырысып отырғанын айтады.
Осы аптада аймақ басылымдары әкімдердің тұрғындармен кездесуінде әлеуметтік мәселелермен қатар саяси талаптар қойылғанын, кейбір аймақтарда нан бағасының күрт қымбаттағанын жазды. Оралда полиция ғимаратынан құлаған белсенді оқиғаның қалай болғанын айтып берген.
"Клуб любителей Конституции" бейресми ұйымының белсенділері Алматы қаласы әкімдігіне көп балалы аналар құрылтайын өткізуге өтініш берген соң қудалауға тап болғандарын мәлімдеді. Оралда қала әкімінің есепті кездесуінен кейін талаптары жазылған плакатты ашпақ болған екі белсенді ұсталды.
Ауасы, топырағы мен су ресурстары ластанған Теміртау тұрғындарын мазалайтын тағы бір экологиялық проблема пайда болды. Қоғамдық экологиялық зерттеу бұған дейін тазартылған Нұра өзенінің алқабында тұрғындар өміріне қауіпті сынап барын көрсетті.
Осы аптада аймақтық басылымдар Қазақстанның бас қалаларында ғана емес, өзге өңірлерінде де көп балалы аналардың наразылығы өршіп отырғанын жазды.
Осы аптада аймақтағы басылымдар Семей әкімдігі мен қала тұрғынының соты жайлы, ауыл әкіміне сұрақ қойып, қысымға ұшыраған тұрғындардың шағымы туралы жазды.
Осы аптада аймақтық басылымдар Оралда "заңсыз мұнай тасымалдады" деп айыпталған азаматтарға шыққан сот үкімін, Түркістан қаласындағы қытай инвесторлары мен Шығыс Қазақстанда көп ата-ананың "қызылша" екпесінен бас тартып отырғанын жазды.
Абайсызда мектеп қасындағы трансформатор күркесіне кіріп кетіп, тоққа түскесін екі қолынан айырылған 4-сынып оқушысының анасы "салғырт билік өкілдерін" сотқа тартқысы келеді.
Тағы