Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі туралы қазақстандық "Бақыт" фильмі Павлодарға бір апта кешігіп жетті. Берлин кинофестивалінде "көрермен көзайымы" номинациясын жеңіп алған фильм жергілікті тұрғындардың өтінішінен кейін ғана прокатқа шықты.
Украинадағы соғысқа Ресей жағынан қатысып, қаза тапқан Орталық Азия елдері азаматтары туралы хабарлар баспасөзде жиі шығатын болды. Дені – бұрынғы еңбек мигранттары, Ресейде сотталғандар. Жазасын өтеп жатқан түрмеден "ЧВК Вагнер" жалдамалылар тобына алынған олар қанды қасапқа тап болып, қырылып қалды. Донбасстағы соғысқа өз еркімен қатысып, ажал тапқан шетелдіктер арасында Қазақстаннан барғандар да бар.
Қарағанды тұрғыны пышақталғанын жарты жылдан бері полицияға дәлелдей алмай жүр. Полицейлер “дәлел жеткіліксіз” деп, істі жауып тастаған. Жәбірленуші құзырлы органдар қол қусырып қарап отырғанына шағынады.
Тараз соты Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталған тоғыз адамды кінәлі деп таныды. Бесеуі Қаңтарда оққа ұшқан. Өзге төртеудің біреуі 2 жыл түрме жазасын алды. Өзгелері жаза мерзімі қысқарып я шартты жазамен босатылды. Сотталған марқұмдардың туыстары оларды ақтау жолында күресетінін айтады.
Ақтөбе соты Қаңтардан кейін айыпталған 18 адамның біреуін 15 жылға, тағы біреуін 4 жылға бостандығынан айырды. Екі адамды ақтады. Өзгелеріне шартты жаза кесті, кейбірінің қамауда болған уақытын өтелген жаза мерзіміне есептеп, оларды босатты. Ең ауыр жаза алған Нұрсұлтан Исаев үкімге қарсы шықты.
Шымкентте Қаңтар оқиғасында қаза тапқан адамдардың туыстары қан төгілген алаңға жаңа жыл мерекесіне арнап шырша тігуге қарсылық білдірді. Аудан әкімі наразылар талабын түсінгендей болды, жиналғандар билікке шыршаны алып тастауға екі күн уақыт берді.
Қазақстанда тозығы жеткен жылу электр орталықтары (ЖЭО) мен құбырлар істен шығып жатыр. Сарапшылар есебінше, әр өңірде бір-бірден ЖЭО салуға триллиондаған теңге керек. Қолданыстағы ЖЭО-ны жаңғыртуға да қомақты қаржы қажет. Бюджет ондай шығынды көтермейді. Қазақстан энергетикасын не күтіп тұр?
Екібастұз қаласында жылу электр орталығындағы апаттан мыңдаған тұрғын -30 градус аязда жылусыз қалды. Мамандар апатқа жабдықтың әбден ескіруі себеп дейді. Тұрғындар бұл мәселе үкіметке бірнеше ай бұрын айтылғанымен ешқандай реакция болмады деп ренжулі. Азаттық тілшісі қаладағы жағдайды көріп қайтты.
3 қарашада Қарағанды облысы Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтада апат болып, бес адам қаза тапты. Шахта ашылғалы онда жетпістен астам адам мерт болған.
Өскемен жетпіс жылдан бері Сталин дәуірінде пайда болған металлургия зауыттарына арқа сүйейді. Қаланың даму стратегиясында алдағы отыз жылда да Өскемен экономикасының базалық секторы "дәстүрлі өнеркәсіп өндірісі мен түсті металлургия болып қалады" делінген. Cарапшылар қаланың болашағына алаңдайды.
Билік Қазақстандағы барлық елдімекенді таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бірнеше рет уәде берген. Бірақ ол орындалмады: Әне-міне келеді деген су құбыры жыл сайын кейінге қалады. Әзірге мыңдаған қазақстандық ауыз су былай тұрсын, тұрмысқа, бақша суғаруға қажет судың өзін сатып алуға мәжбүр.
Тағы