Қайткенде де Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның төрағасы болайын деп тұр. Бірақ, демократияға қарай емес, керіқарай қадам жасап жатқан елге тізгінін ұстату - халықаралық ұйым үшін басты бәйгеге тіккенмен бірдей.
Ұзақ өмір сүру дүниенің талай мықтыларына арман болған, Сталин 150 жыл өмір сүрем деп үміттенген. Енді, міне, Қазақстанда да мәңгі жастық мәселесі сөз бола бастады.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде мемлекеттік емес ақпарат құралдары, солардың арасында қазақ тілді БАҚ та көбейді. Әйткенмен, қазақ баспасөзі қоғамдағы құбылыстарға, билік пен халық арасындағы жаңа қарым-қатынастарға ескі көзқарастармен қараудан арылмай отыр.
ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы нацизм мен сталинизмді аяусыз сынады. Қасым-Жомарт Тоқаев Сталин билігінің тұсындағы аштық, ядролық сынақ, қуғын-сүргін тұсында қазақ халқының шеккен басқа да қасіретін ойға алмастан, бұл резолюцияның қабылданғанына қынжылыс білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның ең соңғы коммунистік лидері әрі 18 жыл бойғы президенті: 20 жылда Қазақстанда жастар саясаты қаншалықты жетілді?
1989 жылдың 22 маусымында Қазақстан Компартиясының басшысы болып сайланғаннан бері ел билігінде отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысына қазіргі жастар қандай баға береді?
Дінмұхамед Қонаевтың көмекшісі болған Владислав Владимировтың өз бастығы мен басқа да құдіретті басшылар туралы жазған естеліктері сенім туғызбайды.
Қазақстанда көршілес Түркменстанның үлгісімен, қызметте отырған ел президентіне ескерткіш орнатылғалы жатыр. Назарбаевтың жеке басына табынушылықтың қарқын алғаны соншалық, жоба ауторлары кейінгі ұрпақтың еншісіндегі іске араласып кетті.
Тағы