"Он жылдан астам уақыт бұрын ұрланды" деген активтерін қайтаруға күш салып жатқан қазақстандық БТА банкі АҚШ-та жаңа шағым түсірді.
АҚШ тамыз айында құрлықтан ұшырылатын 1000 шақырым радиуста әрекет ететін жаңа зымыранды сынақтан өткізуді жоспарлап отыр деп хабарлады Пентагон басшыларына сілтеме жасаған Reuters агенттігі.
Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримованың еркіндігін бес жылға шектеу туралы үкімді сот асүйде шығарған. Бұл туралы британдық журналистерге Гүлнараның қызы Иман айтып берді.
Мәскеуде билік келісім берген "Еркін интернет үшін" шеруі кезінде ұсталған ондаған адамның арасында акцияға цензураға қарсы азаматтық қозғалыс символы - көк шар ұстап шыққандар болды. Қазақстанда дәл осындай оқиға былтыр болған.
АҚШ әскери қару-жарақ сатудан әлемде өзге елдерден алда тұр. Екінші орында - Ресей. АҚШ соңғы бес жылда қару сатуды едәуір арттырса, Ресейдің үлесі кеміген. Бұл туралы Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты есебінде айтылған.
Қазақстандық саясаттанушы Расул Жұмалының пікірінше, үкіметке қарсы наразылыққа шыққан Алжир мен қазіргі Қазақстанның саяси құрылымында ұқсастық көп.
Алжирде жарты айдан бері жастар 82 жастағы президент Әбделазиз Бутефликаның биліктен кетуін талап етіп, жаппай наразылыққа шығып жатыр. 20 жылдан бойы ел басқарып отырған Бутефлика сәуірде өтетін президент сайлауына кандидатурасын ұсынған.
Forbes журналы жыл сайын жариялайтын дүние жүзіндегі дәулетті адамдар тізіміне жаңадан қосылған байлардың басым көпшілігі - технология мен өнеркәсіп саласынан.
Ресей президенті Владимир Путин СССР мен АҚШ арасындағы ядролық қаруды бақылау келісіміне Ресейдің қатысуын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.
Америкалық SpaceX компаниясы наурыздың 2-сі күні АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан Falcon 9 зымыран тасығышын сәтті ұшырды.
Наурыздың 1-і күні Солсбери қаласын "Новичок" қалдығынан толық тазартылғанын жариялайды. Бір жыл бұрын әскери улы зат қолданылған шабуылға Ұлыбритания мен Батыс елдері Ресейді айыптаған.
АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы адвокаты Майкл Коэн 27 ақпанда конгреске келіп, куәлік етті. Ол өз сөзінде қазақстандық БТА банктен ақша алғанын айтты. Банк Коэннің сөзін растап, оған қанша ақша төлегенін хабарлады.
Тағы