Вьетнам астанасы Ханойда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын кездесуі келісімсіз аяқталды. Тараптар Корей түбегін ядролық қарусыздандыру бойынша келісімге қол жеткізе алмаған.
Bloomberg агенттігінің жазуынша, Қазақстанда туған бизнесмен Нұрлан Байділда өз қорында Венесуэла президенті Николас Мадуроның "елден ұрлаған қаржысын" сақтаған. Нұрлан Байділда бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ.
2018 жылғы наурызда Ресей президенті Владимир Путин ядролық қарудың алты түрін таныстырып, "әлемде бұларға тең келетін ештеңе жоқ" деді
Үндістан мен Пәкістан арасында Кашмир дауы қайта ушықты. Екі ел дипломаттарын кері шақырып алды.
Қазақстандық Абзал Ілесбеков төрт жылдан бері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұрады. Ол Азаттыққа АҚШ-тағы өмірі мен бизнесті қалай бастағаны жайлы әңгімелеп берді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ирандағы терактіге АҚШ пен Израильдің қатысы туралы Тегеранның айтқан айыптауын үзілді-кесілді жоққа шығарды.
Ирандық фотограф Америка президенті Дональд Трамптың әлеуметтік желіде өз суретін рұқсатсыз қолданғанын сынады.
Оралда туып өскен, қазір Львовта тұратын Александра Мартиненко сұхбатында Қазақстан мен Украинадағы өмір салты туралы әңгімелейді.
Венгрия үкіметі халық санын көбейту мақсатында бала тууды қаржылай ынталандыруды қолға алмақшы.
Ирандағы ислам революциясына 40 жыл толды. Революцияны көргендер мен осы оқиға тұсында дүние келгендер төңкерістің өздеріне қалай әсер еткені жайлы ойларымен бөліседі.
Қытайда туған этникалық қазақ Ғалымбек Шағыман Ташкент әуежайынан шыға алмай отыр. Бизнеспен айналысатын Қытай қазағы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевке өтініш жасап, Қытайға экстрадицияламауды сұраған.
АҚШ пен Ресей Ауғанстандағы соғысты тоқтату үшін Талибанмен бөлек-бөлек келіссөз жүргізіп жатыр. Мұның мәнісі не? Ауғанстанға пайдасы қандай?
Тағы