АҚШ-та тұратын қазақстандықтар Азаттыққа белсенді сайлаушылар, саяси науқанға қатысты қызу талқы мен сайлау нәтижесі жаппай тәртіпсіздікке ұласуы мүмкін деген қауіп туралы әңгімелеп берді.
4 қарашада Дания премьері Метте Фредериксен күзен популяциясының 17 миллионға қысқартылатынын мәлімдеді. Билік бұл қадамға күзендерден Covid-тің адамға жұғуы мүмкін жаңа штамы анықталған соң барып отыр.
АҚШ-та президент сайлауының қорытындысы әлі шыққан жоқ. Бірақ демократ Джо Байден озып келеді. Ал республикашыл Дональд Трамптың сайлау штабы кейбір өңірде нәтиже бұрмаланды деп, санақты тоқтату үшін сотқа арызданды. Бұған қарсы тұрғындар демонстрацияға шықты.
Батыс баспасөзі Шыңжаңдағы жағдай Нұр-Сұлтанды тығырыққа тірегені, Қазақстандағы ең бай адамның компаниясы Ұлыбритания жемқорлық күдігімен тексеріп жатқан істе назарға ілінген соң, жария компания мәртебесінен бас тартқысы келетінін, ал қазақстандық компанияның Бораттың сөзін қолданғанын жазады.
Жетпіс бес жыл бұрын, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Совет одағы Германияның Кёнигсберг қаласы мен Шығыс Пруссияның көп бөлігін өзіне қосып алды. Азаттық соғыстан қираған қалаға алғаш болып қоныстанған орыс тұрғындардың кейбірімен сөйлесті.
Тағы