Шанхайлық Фудан университеті Будапештен филиал ашпақ. Іске асса, бұл Еуроодақ жеріндегі алғашқы қытай университеті болмақ. Жоба Батыс елдерін алаңдатып отыр.
2011 жылы 2 мамырға қараған түні АҚШ әскери жасағының түнгі рейді кезінде Усама Бен Ладен мерт болды.
Иранда күніне 20 мыңнан астам жаңа науқас тіркеліп, 400-ден аса адам өліп жатыр. Бұл - коронавирус індетінің ең ауыр кезеңі.
Пекин Ауғанстандағы ықпалын күшейтуге қамданып жатыр, бірақ елде аласапыран басталып кетсе, оған белшеден батқысы жоқ.
24 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден Осман империясындағы армяндардың жаппай өлтірілуін геноцид деп атады.
ГРУ-дың 29155-құпия әскери бөлімі Черногорияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды және Англияда Ресей барлау қызметінің бұрынғы офицері мен Болгарияда қару-жарақ саудагерін улады деген күдікке ілінген. Енді бұл тізімге Чехиядағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыс та қосылды.
Үндістанда күніне 350 мыңнан аса адамнан вирус табылып жатыр. Бұл ел бір күнде вирус табылғандар саны бойынша әлемдік рекордты бірнеше рет бұзды. Елдегі ауруханаларда орын мен оттегі тапшы. Крематорийлер де мәйіттерді өртеп үлгермей жатыр.
Қытай мен одан қарыз алған елдер арасында жасалған 100 келісімшартқа жүргізілген зерттеу әлемдегі ең ірі несие беруші мемлекеттің құпия баптары бар шартпен берілетін кредитті өз саяси және экономикалық мақсатына қалай пайдаланатынын көрсетті.
Сарапшылар АҚШ Ауғанстаннан әскерін әкетсе, Иранның аймақтағы ықпалы күшейетінін айтады. Бірақ мемлекетте бұрқ ете түсуі мүмкін кез келген озбырлық Тегеранға қиындық туғызып, соның салдарынан Иран жағдайды уысынан шығарып алуы да ықтимал.
Ресей президенті Владимир Путин 21 сәуірде халыққа жолдау арнап, Мәскеумен байланыста "қызыл сызықтан" өткендерге, "қатаң жауап болатынын" айтты.
Африкадағы Чад мемлекетін 30 жылдан аса уақыт басқарған президент Идрис Деби елдің солтүстігіндегі "содырлармен қақтығыс кезінде" қайтыс болғаны хабарланды. Бұл ақпаратты 20 сәуірде елдің әскерилері мемлекеттік телеарна арқылы хабарлады.
АҚШ Ауғанстанға 20 жыл бұрын кіргізген әскерінен қалған 2,5 мың сарбазды бұл елден әкетпек. НАТО да өз әскерін әкететінін мәлімдеді. Сарапшылар Ауғанстан үкіметі күштерінің "Талибан" экстремистеріне қарсы тұруға шамасы жетпейді деп алаңдап отыр.
Тағы