Иранда күн сайын 20 мыңнан астам жаңа науқас тіркеліп, 400-ден аса адам өліп жатыр. Бұл - коронавирус індетінің ең ауыр кезеңі. Былтыр пандемияның қаупін азайтып көрсетті деп сынға ұшыраған Иран өкіметі биыл жартылай карантин енгізіп, басқа да шаралар қолданып, коронавирустың таралуына тосқауыл қоюға тырысып-ақ жатыр.
Толған аурухана, қазылған көр, жақынын жоғалтқан жұрт. Коронавирус Иранды да әуреге салды

1
Тегерандағы Шохадай Тажриш ауруханасында медбике науқасқа қарап жатыр.

2
Аурухана қызметкері Covid-тен көз жұмған екі адамның мәйітін әкетіп барады.

3
Иранның кейбір ресми қызметкерлері вирустан жапа шеккендер саны ресми деректен көп болуы мүмкін екенін мойындады.

4
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ираж Харирчи алдағы бірнеше апта өлім көрсеткіші өседі деп ескертті.

5
Иранның ресми тұлғалары вирустың Үндістанды әбігерге салған аса жұқпалы түрі бұл елге де жеткенін айтты. Коронавирустың бұл типі алдымен Ұлыбританияда табылып, соның кесірінен ауру жұқтырғандар күрт көбейген.

6
Жұрт сақтық шараларына бей-жай қарап, жиын-тойға көп барғаннан әрі Наурыз мерекесі кесірінен вирус жұқтырғандар күрт көбейген.

7
84 миллион халқы бар Иран коронавирустың төртінші толқынына төтеп беру үшін 10 сәуірден бастап Тегеранда және басқа ірі қалаларда жартылай локдаун енгізді.

8
Тегерандағы Шохадай Тажриш ауруханасында медбике науқасқа қарап жатыр.

9
Ақпанда басталған Ирандағы екпе науқаны тым баяу жүріп жатыр. 27 сәуірдегі дерек бойынша, вакцинаның 824 мың дозасы ғана салынған.

10
Covid-тен қайтыс болған ер адамның төсегінде гүл шоғы, қасында жүрек формасындағы шар тұр.

11
Тегерандағы ШохадайТажриш ауруханасының қызметкері коронавирустан көз жұмған кісінің мәйітін алып барады.

12
Иран астанасының шетіндегі Бехешт-е-Захра зиратының қызметкерлері жаңа бейіттер үшін шлакблоктан қабырғалар тұрғызып жатыр.

13
Covid-тен көз жұмған адамның мәйіті жерлеуге дайын тұр.

14
Зират қызметкері коронавирустан көз жұмған адамның мәйітін жерлеуге дайындап жатыр.

15
Бехешт-е-Захра зиратында Covid-тен қайтқан кісінің жаназасы оқылып жатыр.

16
Коронавирустан көз жұмған кісінің денесін туыстары әкетіп барады.

17
Коронавирустан қайтыс болған кісінің туыстары мәйіт қасында жылап тұр.

18
Жақынынан айырылған адамдар.