Еуропарламент Орталық Азия жөніндегі резолюцияны басым дауыспен қабылдады. Қарарда аймақ елдерін адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауға және Еуропа Одағымен тығыз ынтымақтастықта болуға үндеген.
21 желтоқсанда Чехия астанасы Прага халқын суыт хабар аяғынан тік тұрғызды. Қала орталығындағы университет ғимаратында қару ұстаған жігіт 14 адамды атып өлтірген. Оған дейін әкесін мерт қылғаны хабарланды. Қарулы шабуылдан соң ол өзіне қол салған.
Өткен аптада АҚШ-тан әскери көмек ала алмай құрқол қайтқан Владимир Зеленский кеше Еуропа одағына да қаражат бөлгізе алмады. 50 миллиард еуро көмекке Венгрия қарсы болған. Дегенмен Украина Молдовамен қатар Еуроодаққа кіруге бір табан жақындады.
Еуропа одағы Ресейдің Украинаға қарсы соғысына көмектесіп отырған компанияларға салатын санкциялардың жаңа пакетін дайындады. Оған Орталық Азиядағы үш кәсіпорын – екі қазақстандық және бір өзбекстандық компания да кірген. Бірақ тізімде Қытай фирмалары жоқ.
14 қараша түнде Украинаның Донецк облысындағы көпқабатты үйге зымыран түсіп, бір адам қаза тапты. Украина Ресейді айыптайды. Израиль Газа қаласындағы ең үлкен Әл-Шифа ауруханасына басып кірді. Қытай төрағасы Си-Цзиньпин жеті жылда бірінші рет АҚШ-қа сапарлап барды.
Әлем елдерінің Израиль мен ХАМАС тобы арасындағы соғыста "гуманитарлық үзіліс" жариялау керек деген ұсынысына ешкім құлақ аспады. Израиль қоршауға алған Газа секторында жағдай күннен-күнге қиындап, азық-түлік, жанармай, ауыз су, дәрі-дәрмек жетпей жатыр.
Түркия Ресейдің Украинамен соғыстан бас көтере алмай жатқанын пайдаланып, Орталық Азияда ықпалын күшейтуге тырыса ма? Түркі елдері ынтымақтастығының, әсіресе әскери салада болашағы бар ма? Азаттық Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университеті саясаттану кафедрасының доценті Әсел Тутумлумен әңгімелесті.
Украина әскері Днепр өзенінің сол жағалауында кемінде екі плацдарм құрды. Бұл – Киевтің 5 айға созылған қарымта шабуылындағы соңғы демі ме, әлде жақсылық нышаны ма?
Тағы